^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 27 маусым 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Алматы экономика және статистика академиясында «Жастар және ғылым» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

2017 жылғы 14 сәуірде Алматы экономика және статистика академиясында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идея қазақстандық қоғамның даму негізі» тақырыбында «Жастар және ғылым» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшы тобымен бірлесе өткізілген конференцияның мақсаты студент жастарының арасында диалог алаңын ұйымдастыру болып табылады. Диалог алаңы полиэтникалық қоғам үлгісін құруға бағытталған ҚХА қызметін талқылауға, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын талқылауға, сонымен қатар гүлденіп жатқан Қазақстанды дамытудағы жастар рөлін арттыруға бағытталған. Пленарлық отырыста баяндамамен сөз сөйлегендер Алматы экономика және статистика академиясы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Еуразия технологиялық университеті, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынас акадеямиясы, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенттері болды. Пленарлық отырысқа: АЭСА оқу-тәрбие жұмысы бойынша проректор Бекенова Лидия Молдабаевна, АЭСА инновация және технология бойынша проректор Мухамбетов Дауыт Галымжанович, Алматы қаласы ҚХА Төрағасының орынбасары, «Ирныхас» Осетин мәдени ағарту орталығының төрағасы Мамсуров Казбек Владимирович, Алматы корей ұлттық мәдени орталығы төрағасының орынбасары, ҚХА Ғылыми-сарапшы кеңесінің мүшесі Кан Георгий Васильевич, Қазақстандық орыс мәдени орталығының төрағасы Лукашев Всеволод Анатольевич, Алматы қаласы ҚХА ҒСТ мүшесі, PhD докторы, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері Айтымбетов Нуркен Искакович қатысты.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13