^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 17 маусым 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Елбасының «Болашаққа қарау: қоғамдық сананы модернизациялау» мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

2017 жылдың 14 сәуірінде Алматы қаласы Достық үйінде «Ариана» ауған мәдени орталығы активінің қатысуымен «Күшіміз – бірлікте» атты Жалпыұлттық патриоттық идея мен конституциялық реформаларды қолдауға және Елбасының «Болашаққа қарау: қоғамдық сананы модернизациялау» мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Ариана» ауған мәдени орталығының активі, ЭМБ жастары және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараны «Ариана» ауған мәдени орталығының төрағасы Ахмадулла Васток ашып, жүргізді. Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан төраға орынбасары Мамсуров Казбек Владимирович сөз айтты.

Сонымен бірге, Рахимулла Азизи – экономикалық ғылымдар кандидаты, «Ариана» ауған мәдени орталығы төрағасының орынбасары, Мохаммад Давуд Нисар «Ариана» ауған мәдени орталығының белсендісі конституциялық реформаны қолдауға сөз сөйледі.

Алматы қаласы этномәдени бірлестіктері атынан Қазақстан орыс мәдени орталығының төрағасы Лукашев Всеволод Анатольевич шықты. Ол дөңгелек үстел қатысушыларын қоғамның санасын рухани модернизациялауының негізгі бағыттарымен таныстырып, Елбасының «Болашаққа қарау: қоғамдық сананы модернизациялау» мақаласына сәйкес жоспарланған жобалар жайлы айттып берді.

Қазақстан туризмінің еңбегі сіңген қайраткері, «Нұр Отан» партиясының Бостандық ауданы филиалының Саяси кеңес Бюросының мүшесі Токкожаев Бекежан Бримжанович қабылданған конституциялық реформалардың мақсаты – «бұл, икемді әрі тұрақты мемлекеттік басқару болып табылады, Бұл күрделі жүйе, бірақ оның арқасында адамдар мен қоғам жауапкершілігі молаяды. Осы реформалардың нәтижесінде технологиялар мен әлеуметтік модернизация қарқындылығы өседі» - деді.

Іс-шараның барлық қатысушылары бірауыздан Елбасының «Болашаққа қарау: қоғамдық сананы модернизациялау» мақаласындағы Қазақстан қоғамының санасын рухани модернизациялауының негізгі бағыттарын қолдады.

 
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13