^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 14 қазан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық кеңесі

2017 жылғы 5 мамырда Алматы қаласындағы Достық үйінде  республикалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және ҚХА Кеңесінің мүшелерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық кеңесі өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Д.Қ.Мыңбай, ҚХА Төрағасының орынбасары – А.М.Хамедов, Алматы қ. әкімі орынбасары – А.О.Қырықбаев, ҚХА Кеңесінің мүшелері, республикалық және Алматы қаласы этномәдени бірлестіктердің белсенділері, жастар ұйымдарының, Ассамблея Ғылыми-сараптамалық кеңесінің, зиялы қауымның өкілдері, БАҚ, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА өзге де құрылымдарының басшылары қатысты.

Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХV сессиясының шешімін, сондай-ақ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы Мемлекет басшысы бастамашылық жасаған жобаларды жүзеге асырудағы этномәдени бірлестіктердің міндеттері мен рөлі қаралды.

ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай өз сөзінде: «2017 жылғы 26 сәуірде Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтті. Елбасы өз сөзінде 2017 жылдың ерекшелігіне тоқталды . Бұл қоғам өмірінің барлық тарабында басталған ауқымды жаңғыруға байланысты. Ел Конституциясына өзгерістер мен қосымшалардың енгізілгені мемлекеттің саяси реформасын, яғни қоғамдық қарым-қатынастарды демократияландырудың жаңа кезеңін іске қосты. Қазақстан халқына Жолдауында Президент экономикалық өсудің жаңа үлгісін қалыптастыруға бағытталған Қазақстанның үшінші  жаңғыруының міндеттерін, ал «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Мемлекет басшысы қоғамның рухани трансформациясына байланысты міндеттері жүктеді. Елбасы атап өткендей: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», -деді.

Сөз соңында Дархан Мыңбай Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ҚХА Кеңесінің мүшесі, ҚР «Барбанг» күрдтер қауымдастығының президенті, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жоғарғы Мектебінің Халықаралық Ғылым Академиясы мен әлееуметтік ғылымдар Академиясының докторы Князь Мирзоевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. Алматы қ. әкімі атынан мерейгерді Алматы әкімі орынбасары Қырықбаев Арман Оразбайұлы құтықтады.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56