^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 24 қазан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
2017 жылдың 12 мамырында Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының конференц-залында, ЕлБасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» жаңа бағдарламалық мақаласы аясында дөңгелек үстел өткізілді.

2017 жылдың 12 мамырында Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының конференц-залында, ЕлБасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» жаңа бағдарламалық мақаласы аясында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел модераторы – Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры Жалаири О.Ш. Дөңгелек үстелге Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары Мамсуров К.В., заң ғылымдарының докторы, профессор Алдибеков Ж.С., заң ғылымдарының докторы, профессор Айтхожин К.К., заң ғылымдарының докторы, Д.А.Қонаев атындағы ЕЗА профессоры Дуйсенов Э.Э., Д.А.Қонаев атындағы ЕЗА құрметті профессоры Батталханов Б.З., Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, БАҚ, қоғамдық бірлестіктердің және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының магистранттары мен студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы, «Юристы за справедливые выборы» РҚБ, Алматы қ. Республикалық «Достық үйі», ҚР Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында зияткерлік ұлтты құрудағы жоғары білімнің, ғылым мен білім беруді біріктірудің мақсаттары мен рөлі, ЖОО мен өндірістің өзара әрекеттесуі, студенттер мен оқытушыларға білім беру сапасының деңгейін көтеру қарастырылды. Сонымен бірге, біздің санамыздың ашықтығын тәрбиелеу мәселелері, білім беру мен ғылымдағы жаңартпашылық және заманауи трендтердің санаға әсер ету мәселелері қозғалтылды.

Фотография
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56