^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 14 қазан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
«K-PopStar.Kz 2017» фестивалі

2017 жылдың 14 мамырында « Mega 2 » сауда ойын-сауық орталығында «K-PopStar.Kz 2017» фестивалі өтті. Фестивальді «Қазақстан кәрістері Ассоциациясы» РҚБ, «Алматы кәріс ұлттық орталығы» ҚБ мен ҚХА Хатшылығы Алматы қ. әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ көмегімен ұйымдастырды.

Іс-шараға «Алматы кәріс ұлттық орталығы» ҚБ төрағасы Шин Б.С., Корея Республикасының Алматы қ. Бас консулы Джонг Сын Мин, «Қоғамдық келісім» КММ бөлімінің жетекшісі Шанин Б.Қ., «Алматы кәріс ұлттық орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары Кан Г.В. және басқалары қатысты.

«K-PopStar.KZ 2017» – бұл заманауи Корей ән мен би мәдениетін табынушыларды біріктіретін жастар алағы. Фестивальді өткізу мақсаты би және әнмен айналысатын жастардың әлеуетін ашу болып табылады.

Алғашқы рет фестиваль 2016 жылы өткізілді. Фестивальдің іріктеу кезеңі 2017 ж. 9 сәуірінде жүзеге асты. Оған 1000 аса адам қатысты. Фестиваль финалы «Mega 2» сауда ойын-сауық орталығының жаздық амфитеатрында өтті. Осы ашық алаңда би мен ән санаттарында жүлделі орындар мен Гран–при жеңіспаздары анықталды.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56