^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 24 қазан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
2017 жылдың 24 мамырында Алматы қалалық психикалық-неврологиялық ауытқулары бар балаларға арналған интернат-үйінде Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаныңда «Балалар – ұлттың болашағы»

2017 жылдың 24 мамырында Алматы қалалық психикалық-неврологиялық ауытқулары бар балаларға арналған интернат-үйінде Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаныңда «Балалар – ұлттың болашағы» атты мерекелік іс-шара өтті. 1 маусым – балалардың ең көңілді мейрамдарының бірі ғана емес, сонымен бірге балалар қамқорлық пен қорғауды қажет ететіндігінің, ересек адамдар балалар үшін жауапты екендігінің ескертуі болып табылады. Балалар үшін концерттік бағдарлама дайындалған. Осы концертке интернат-үйінің ең дарынды балалары мен Алматы қ. Ұйғыр мәдени орталығының би ансамбілі қатысты. Балалар мен қонақтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен Алматы қ. Ұйғыр мәдени орталығың төрағасы Ушуров Абдуллам Абдыкадырович, Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық басшысы Балгинбаев Назар Албанович, Алматы қ. әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Мұрынова Жаннат Шарапханқызы, Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері мен өнер саласындағы зиялылары құтықтады. Осы іс-шараны Ұйғыр ЭМБ төрағасының орынбасары – Исраилова Махинур Вильямовна, Аналар кеңесі мен осы ЭМБ жастары ұйымдастырды. Ұйғыр ЭМБ осындай қайырымдылық іс-шараларды әрдайым өткізіп жатыр. Іс-шараны ұйымдастырушылар интернат-үйінің 150 балалары үшін плов дайындап, әртүрлі тәттілер мен жемістерді берді. Сонымен бірге, іс-шараға ойын-сауық бағдарламасын көрсетіп, клоундар мен аниматорлар келді. Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық балаларға бейсболкалар мен футболкаларды сыйлады.

Балалар да, ересектер де бірге билеп, ән айтты. Іс-шараны ұйымдастырушылар балалар үшін, есте көпке сақталатын таңғаларлық мейрамды ұйымдастырды.

Фотография
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56