^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 14 қазан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
2017 ж. 26 мамырда Алматы қ. Достық үйінде Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тіл – ел тірегі» атты әдістемелік конференциясы өтті.

2017 ж. 26 мамырда Алматы қ. Достық үйінде Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тіл – ел тірегі» атты әдістемелік конференциясы өтті.

Конференцияға Балғымбаев Назар Албанұлы – Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылық басшысы, Мұрынова Жаннат Шарапханқызы – Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры, Садықова Ұлжан Расылханқызы – Қазақстан Республикасы Білім ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бас сарапшысы, Анар Бейсенқызы – ҚазТест жүйесінің Алматы қаласындағы өкілі және тағы басқалары қатысты.

Конференцияда «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының Алматы қаласы ұстаздары мен оқушылары арасында байқауы мен өткен байқауды қорытындылау және қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.

Конкурс нәтижелері: 1 орын – №77 жалпы білім беретін мектептің оқушысы, Чуприн Кирилл; 2 орын – №51 мектеп-гимназияның оқушысы, Банных Карина; 3 орын – №187 жалпы білім беретін мектептің оқушысы, Шут Михаил.

Жеңімпаздардың барлығына, Алматы қаласының әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нен мадақтама қағаздары мен жүлделер берілді. Жүлделерді мекеме директоры Мұрынова Жаннат Шарапханқызы берді.

Фотография
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56