^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 15 қазан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
2017 жылдың 04 шілдесінде Алматы қ. Ұлттық кітапханасында Астана күнін мерекелеу мен Қазақстан Республикасының астанасын Алматы қаласынан Астана қаласына ауыстырудың 20 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті.

2017 жылдың 04 шілдесінде Алматы қ. Ұлттық кітапханасында Астана күнін мерекелеу мен Қазақстан Республикасының астанасын Алматы қаласынан Астана қаласына ауыстырудың 20 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері, Алматы қ. ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының, ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Алматы қ. ғылым және өнер зиялылары мен жастары, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Дөңгелек үстел модераторы қызметін Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Мұрынова Жаннат Шарапханқызы атқарды.

Іс-шараны Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел, Астана күніне арналған кітап көрмесі қойылған, Нәзира Дәулетова атындағы залда өтті. Көрмеден бөлек, Астананың даму тарихын көрсететін «Қоғамдық келісім» қызметкерлері дайындаған бейнефильм көрсетілді.

Дөңгелек үстел модераторы – Ж. Ш. Мұрынованың алғысөзімен басталды. Ол Елбасының, астананы ауыстырудағы болжағыштығын белгілеп айтты. ЕлБасының дана шешімі арқасында, қазіргі Астана әлемдік алаңда Қазақстанның келбеті болып табылады.

Одан кейін, баяндамаларымен ҚР «Мәдениет қайраткері», профессор, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының «Қоғамдық пәндер мен ҚХА» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары – Батталханов Болысбек Заманбекович; педагогикалық ғылымдар докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Алматы қ. ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі – Саудабаева Гульмира Сауытжановна; тарихи ғылымдар кандидаты, Т.Жургенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры – Шаймерденова Мендыганым Джамалбековна; Қазақстан кәрістерінің жастар қозғалысының төрағасы – Ли Игорь Константинович шығып, сөз айтты.

Баяндамашылардың сөздерінен кейін, қатысушылар ашық дискуссияға кірісті. Дөңгелек үстел мәселелерін талқылауға Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары, «Ирныхас» осетин мәдени ағарту орталығының төрағасы – Мамсуров Казбек Владимирович және «Эос» грек мәдени бірлестігінің төрағасы – Космериди Спиридок Георгиевич қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысының аяқталуынан кейін, қатысушылардың барлығы бірлескен сурет жасауға шақырылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан «Қазақстан» телеарнасы мен «Қазақ радиосы» қатысты. Жалпы іс-шараға 60 адам қатысты.

Фотография
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56