^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 21 мамыр 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
2017 ж. 13 қыркүйегінде Алматы қ. Достық үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар:

2017 ж. 13 қыркүйегінде Алматы қ. Достық үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Қазақ тілінің латын әліпбиесіне өту ерекшіліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Хамедов А.М., Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы жетекшісі Балғынбаев Н.А., Алматы қ. Тілдерді дамыту басқармасының жетекшісі Ахетов М.К., Алматы қ., Алматы қ. этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен активі, жастар мен этноБАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында қазақ тілінің латын әліпбиіне өту мәселесі жайлы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хамедов Абилфас Муслимович; «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының төрағасы – Мирзоев Князь Ибрагимович; Алматы қ. Тілдерді дамыту басқармасының жетекшісі – Ахетов Мамай Каниевич; «Ахыска» түрік ұлттық орталығы төрағасының орынбасары – Асиев Шахисмаил Ахметович; Алматы кәріс ұлттық орталығы төрағасының орынбасары, рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұлттық комиссиясының мүшесі – Кан Георгий Васильевич; Қазақстан орыс мәдени орталығының төрағасы – Лукашев Всеволод Анатольевич; «Наири» Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтарының ассоциациясының төрағасы – Карапетян Артуш Месропович сөз айтты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен өту жобасының мәселелерін талқылау мен осы жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеті бойынша іс-шараларды өткізу. Отырыс қатысушыларының барлығы рухани жаңғырудың барлық бағыттары қабылданған ұзақ мерзімді жобаларға қолдау көрсетіп, Қазақстанның жарқын келешегін жетуге бағытталғанымен келісті. Сондай-ақ, қазақ тілінің латын әліпбиіне өту мәселесі бұрыннан пайда болды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында 2025 жылдан бастап қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуі жайлы айтты.

Латын әліпбиі қоғамның күнделікті өмірінде нығайтылады, сондай-ақ, қоғамда орыс тілінен қол үзу жүзеге аспайтыны түсінікті болып жатыр.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің мүшелері рухани жаңғыруды жүзеге асыруға бар күшін салатындығын айтты.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13