^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 9 желтоқсан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
«Ұлтаралық келісімді нығайтудағы медиация институтының дамуы мен рөлі. Халық арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында өткен дөңгелек үстел туралы ақпарат

«Ұлтаралық келісімді нығайтудағы медиация институтының дамуы мен рөлі. Халық арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында өткен дөңгелек үстел туралы ақпарат

2017 жылғы 10 қазан күні Алматы қаласындағы Достық үйінде «Ұлтаралық келісімді нығайтудағы медиация институтының дамуы мен рөлі. Халық арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хамедов Абилфас Муслимовичтің, Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Мамсуров Казбек Владимировичтің және Бостандық ауданының сәлемдесуімен бастау алды.

Дөңгелек үстел жұмысына этномәдени бірлестіктер өкілдері, Алматы қаласы Бостандық ауданы сотының өкілдері, Алматы қ. Бостандық ауданы прокуратурасы өкілдері, Алматы қаласы нотариустары, қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары, ҚР Ұлттық Банкі өкілдері, екінші дәрежелі банктер, коллекторлық компаниялар, мемлекеттік емес ұйымдар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, қалалық коммуналды мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Хамедов Абилфас Муслимович сөйлеген сөзінде Қазақстанда медиация институтының дамуындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды рөль атқаратындығына көз жеткізіп, медиаторлармен жұмыс жасаудағы конструктивті ынтымақтасуды реттеу, медиативті технологиялардың өз саласында практикалық қолданыстағы ауқымдылығын арттыру қажеттілігі туралы айтып кетті.

Алматы қаласы нотариусы – Асаинова Людмила Александровна «Соттан тыс кредиторларға орындау жазбасының артықшылығы» тақырыбын талқылады. Жастардың медиацияның дамуындағы рөлі жайлы «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының төрағасы – Ахметов Расул айтып кетті. «Профессионалды медиаторлар» ҚБ директоры Родионова Ирина Трофимовна «Медиация тәртібімен дауды (қақтығысты) шешу туралы келісімге орындау жазбасын енгізу» тақырыбында, ал «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының құқығын қорғауда келісім рәсімдерін қолданудағы дағдарыс орталығының рөлі» тақырыбында Алматы қ. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ директоры Байсақова Зульфия Мухамедбекқызы сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша сөз сөйлеушілердің тақырыптары талқыланып, одан ары жасалатын жұмысқа ұсынымдар ескерілді.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56