^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 27 мамыр 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
2017 жылы 19 қазанда Алматы тарихы мұражайында Белорус этномәдени орталығының көрмесі өтті.

2017 жылы 19 қазанда Алматы тарихы мұражайында Белорус этномәдени орталығының көрмесі өтті.

Іс-шараға, Белорус этномәдени орталығының төрағасы Войцеховский А.Н., Жетісу казактары одағының төрағасы өкілі, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Шанин Б.К., «Ирныхас» осетин мәдени ағарту орталығының төрағасы Мамсуров К.В, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Көрмеге Белорус мәдениетін көрсететін ұлттық киімдер, ұлттық аспаптар және басқада ұлттық бұйымдар қойылды. Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктің шығармашылық ұжымы өнер көрсетті. Олар белорус дәстүрлі өлеңдері мен билерін орындады. Концерттік бағдарламадан кейін шетел қонақтары, балалар және музейдің тағы басқа келушілері көрмемен таныса алды.

Осындай көрмелер Алматыда жүйелі түрде өткізіледі. Қазіргі таңда, Шешен, Орыс, Бурят, Ауған, Осетин, Қырым татар этномәдени бірлестіктерінің көрмелері өтті. Сол көрмелерде Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары Алматыдағы этностардың мәдениеті мен тұрмысымен танысты. Мұражай мен Алматы қ. әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қаладағы барлық 34 этностарының көрмелерін өткізуге жоспарлап жатыр.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13