^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 18 қараша 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
2017 ж. 19 қазанда Алматы қаласындағы Достық үйінде «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жолында:

2017 ж. 19 қазанда Алматы қаласындағы Достық үйінде «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жолында: Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» ұлт жоспары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға мемлекеттік және қоғам ұйымдарының, саяси партиялардың, мекемелер мен бизнес-құрылымдардың, шығармашылық және білім беру ұжымдарының, этномәдени бірлестіктерінің, Қоғамдық кеңестің жетекшілері мен өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел модераторы тарихи ғылымдар докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, ҒСТ, Алматы қ. ҚХА ҚКК мүшесі – Мукатова Дана Мукатқызы болды. Ол Қазақстан Тәуелсіздік жылдары ішінде ұлы жетістіктерге жетті. Біздің еліміз, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер, ұлттық бірегейлікті күшейту мен рухани өрісті дамыту серпіні бойынша ең үмітті елдердің қатарына лайықты жататындығын айтты. Дана Мукатқызы ЕлБасы – Н.Ә.Назарбаевтің Бес институционалды реформалары – бұл заманауи саяси және экономикалық жағдайларға сай жауап ғана емес, бұл Қазақстанның сәтті дамуының келешегіне, жаңа тарихи жолдың кезеңдеріне жаңа көзқарас деп белгілеп айтты.

Баяндамаларымен Қазақстан Республикасының Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары – Данияров Геннадий Гожахметұлы, «Барбанг» Қазақстан күрдтері Ассоциациясының төрағасы – Мирзоев Князь Ибрагимович, «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Муканова Меруерт Сериковна, Алматы қалалық сотының судьясы – Федотова Ирина Николаевна және тағы басқалары сөз сөйледі.

Іс-шара Алматы қ. Ішкі саясат басқармасының «Алматы қ. 5 институционалды реформаларды жүзеге асыру үрдісін түсіндіру бойынша іс-шараларды өткізу» жобасын жүзеге асыру бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының талаптарына сай өтті.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56