^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 18 қараша 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
2017 ж. 20 қазанда Алматы қалалық Ардагерлер үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекемесі Қарттар айына арналған мерекелік іс-шара өткізді.

2017 ж. 20 қазанда Алматы қалалық Ардагерлер үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекемесі Қарттар айына арналған мерекелік іс-шара өткізді.

Осы іс-шараға Мәслихат депуттары мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Бүгінгі күні, Ардагерлер үйінде 13 ұлттың 302 қарттары мен бірінші топ мүгедектері тұрады.

Мереке концерттік бағдарламадан басталды. Концертте «Бахар» ұйғыр ансамблі, «Ромэн» сыған ансамблі, «Зори Семиречья» хоры, украин тілінде өлеңдерімен Украин этномәдени бірлестігінің жетекшісі мен белсенділері, сыған және өзбек этномәдени бірлестіктерінің әншілері және тағы басқалары өз өнерін көрсетті. Билер мен өлеңдердің жалындығы соншалықты, қарттар, жастық шақтарын есіне алып, өздері шығып биледі. Залда ешбір енжар және ризасыз адам қалмады.

Содан соң, Ардагерлер үйінің тұрғындары мерекелік асқа шақырылды. Аста үш этномәдени бірлестіктерінің аспазшылары өзбек, ұйғыр, ауған палауы, тәттіліктер, сусындар, жеміс-жидектер, бауырсақтар мен тағы басқаларды дайындап берді. Иммобилизацияланған қарттар да назарсыз қалмады. Олардың барлығына бөлмелеріне Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері ас-шайын апарып, мейрамымен құтықтап, әңгімелесіп, қарттардың әңгімелерін тыңдап, зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

Бұл күні Ардагерлер үйі қуаныш, бақыт пен жақсы қөңіл-күйге толы болды.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56