^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 18 қараша 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Депутат Ш.У.Нурумовтың халықпен кездесуі

2018 жылы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты – Нурумов Шаймардан Усаинович Алматы қаласы Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу №181 жалпы білім беру мектебінде өтті. Кездесуге аудан тұрғындары, мектеп мұғалімдері, кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері және жастар қатысты.

Өз сөзінде депутат қатысушыларға Мәжіліс жұмысы бойынша, қабылданған заңдар бойынша және Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының қызметі бойынша ақпарат берді. Сонымен бірге, ол Президент Н.Назарбаевтің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндірді, мемлекет экономикасының қазіргі жағдайы және тағы басқа мәселелер туралы айтып берді. Аудан тұрғындары депутатқа экономикаға, аудан тұрғындарының әлеуметтік деңгейіне, халықтың осал топтарына әлеуметтік көмекке байланысты сұрақтар қойды.

Шаймардан Усаинович халықтың өтініштерін қолдап, уәкілетті органдарда барлық мәселелерді көтеруге және сәйкес заң жобалары бойынша Парламент Мәжілісінің жұмыс тобына ұсыныстар енгізуге уәде берді.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56