^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 10 тамыз 2020
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Алматы Достық үйінің қабырғаларында «Дау-дамайларды басқарудың заманауи тәсілдері. Келіссөз жүргізу түрлері» тақырыбында семинар өтті

Алматы қаласындағы Достық үйінің медиация кабинетінің ұйымдастыруымен "Дау-дамайларды басқарудың заманауи тәсілдері".

 

Келіссөз жүргізу түрлері" тақырыбында семинар-тренинг өтті. Кикілжіңдерге өмірдегі әр түрлі қиындықтар себеп болуы мүмкін. Осы себептердің алдын алу мақсатында бұл шеберлік сағатына қаладағы этномәдени орталықтың өкілдері,жастар,жоғарғы оқу орынның ұстаздары шақырылды. Кез-келген дауларды алдын алуға болады. Бүгінгі семинар-тренинг пайда болатын даулар мен жанжалдарды сындарлы шешуді үйренгісі келетіндерге арналды. Тренингті жүргізген Адам құқықтары жөніндегі халықаралық орталықтың жетекшісі, медиатор-жаттықтырушы Жандилда Жақыпов болды.

Семинарға Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық құрылымдарының өкілдері, оның ішінде этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, Алматыдағы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымдары, Ақсақалдар кеңесі, ҚХА жастары, сондай-ақ Алматыдағы университет профессорлары, заңгерлер қатысты.

Қатысушылар медиация процесі, медиатор техникасы туралы жүйелі көзқарасты алды, эмоционалды жағдайды бақылау тәсілдерін игерді.

Семинар барысында интерактивті шағын дәрістер, презентациялар, бейнероликтер, жеке тапсырмалар, топтық жұмыс, ми шабуылы, коммуникативті мәселелерді шешу, рөлдік ойындар қолданылды.

Семинар-тренингке 50-ден астам адам қатысты, іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды. Семинар-тренинг соңында қатысушылардың пікіріне көңіл қойғанда алдағы кезеңде де осындай іс-шара қажет екен жеткізді. Ассамблеяның қоғамдағы бейбітшілік пен бірлікті нығайтудағы ролін ерекше атап өтуіміз қажет.

«Ал, медиация институттарының халықтың құқықтық мәдениетінің дамуына, дауды диалог арқылы оңтайлы шешудің бір жолы. Қазіргі таңда бұл миссия Қазақстан халқы Ассамблеясының құзырына. Бүгінгі семинарға қатысып иеменденген тәжірбиелерін елдегі тұрақтылықты сақтауда қандай да бір даулы мәселерінің бітімгершілікпен шешуге өз септіктіктерін тигізеді деген ойдамыз», - Н.Альтекова.

«Халықаралық адам құқықтары орталығы» Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен құрылды және Қазақстанда 15 жылдан бері жұмыс істейді. Орталық заңгерлік қызмет көрсетеді және республикамыздың тұрғындарына құқықтық сауаттылық пен мәдениетті арттыру үшін тегін заңгерлік кеңес береді.«Медиация туралы» Заңның қабылдануымен ұйымның қызметі жаңа өзекті бағыттарды алды - медиатор қызметін ұсыну және медиаторларды оқыту бойынша тренингтер өткізу, іскерлік келіссөздер жүргізу, қақтығыстарды басқару және қолданыстағы заңнаманы түсіндіру.

Семинар аясында қатысушылар қақтығыстарды басқару әдістері туралы жаңа білім алды, сонымен қатар семинар барысында келіссөз стилі қолданылды. Нәтижесінде әр қатысушыға сертификаттар берілді.


 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz