^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 10 тамыз 2020
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуындағы әйелдердің рөлі

2020 жылғы 4 наурызда «Ахыска» түрік этномәдени орталығы Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйімен бірлесе отырып 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуындағы әйелдердің рөлі» атты мерекелік іс-шараны ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Коғамдык келісім» РММ өкілдері, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшылығы мен активі, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы жанындағы әйелдер кеңесі, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі, БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясынан қатысқан барлық әйелдерді Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Коғамдык келісім» РММ директоры Мажитов Саттар Фазылұлы құттықтап, ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің маңызды рөлі, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды нығайту, қайырымдылық көмек және әйелдердің әлеуетін жүзеге асыруға көмек көрсету бойынша атқарған жұмыстары туралы айтты.

«Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Дүниежүзілік түрік-ахыска қауымдастығының (DATÜB) төрағасы Касанов Зиятдин Исмиханұлы барлық қатысушыларды қарсы алып, әйелдерді құттықтады. Ол өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы рөліне тоқталып, әрбір этностар, біртұтас қазақстандықтар ретінде елдегі ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайту үшін көп жұмыс жасау керектігін атап өтті.

Іс-шарада этномәдени бірлестіктердің өкілдері де сөз сөйледі, олар әр түрлі этномәдени бірлестіктердің әйелдер кеңестерімен бірлесіп жүзеге асыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі шеңберіндегі жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара әйелдерді құттықтап мен гүлдер сыйлаумен аяқталды.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz