^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 20 шілде 2019
 
     
 
Қоғам / Жемқорлыққа қарсы күрес
«Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Алматы қаласы әкімі
аппараты басшысының
2018 жылғы «28» қыркүйектегі
№ 106/б бұйрығымен бекітілді

«Алматы қаласы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ

Алматы қаласы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық бөлімі әзірледі

Алматы қаласы, 2018 жыл

Кіріспе

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт):

Алматы қаласы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты жетілдіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс тобының 2018 жылғы 26.07 отырысында мақұлданды;

Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының 2018 жылғы «28» қыркүйектегі № 106/б бұйрығымен бекітілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлықтың көрінуіне мүлдем төзбеушілік болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:

Аппарат қызметкерлерінің өзінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруы кезінде олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімді мінез-құлқын қалыптастыру;

Сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытында анықтау және олардың келеңсіз салдарын болдырмау болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Аппарат қызметінде функцияларды жүзеге асыру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде пайдаланылады, Аппараттың барлық қызметкерлеріне қолданылады және орындау үшін міндетті болып табылады.

Аппарат қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қолданылуы мен орындалуы үшін жеке жауап береді.

Мазмұны

 

Бет

1. Жалпы ережелер

4

2. Аппараттың негізгі қызметінің сипаттамасы

4

3. Аппарат қызметкерлерінің с ыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезіндегі мінез-құлқына (іс-қимылына) ұсынымдар

7

4. Аппарат қызметкерлерінің өз құзыретінің шегінде басқарушылық және өзге де шешімдер дайындау және қабылдау кезіндегі мінез-құлқына (іс-қимылына) ұсынымдар

8

5. Аппарат қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін бақылау кезіндегі мінез-құлқына (іс-қимылына) ұсынымдар

9

6. Аппарат қызметкерлерінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алумен байланысты сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі мінез-құлқына (іс-қимылына) ұсынымдар

10

7. Аппарат қызметкерлерінің кадрларды іріктеу және орналастыру кезіндегі мінез-құлқына (іс-қимылына) ұсынымдар

10

8. Аппарат қызметкерлерінің нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезіндегі мінез-құлқына (іс-қимылына) ұсынымдар

11

9. Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мінез-құлқына (іс-қимылына) ұсынымдар

11

10. Өзге ұсынымдар

12

11. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері едәуір жоғары лауазымдар тізбесі

13

12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт туралы техникалық ақпарат

13

1. Жалпы ережелер

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бойынша қызмет түріне әзірленген.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың әзірлеушісі Аппараттың мемлекеттік-құқықтық бөлімі болып табылады.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт салалық сипатқа ие және келесі қызмет салаларына қолданылады:

мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне бақылауды жүзеге асыру;

тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алумен байланысты сатып алуларды жүзеге асыру;

кадрларды іріктеу және орналастыру;

нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау;

сондай-ақ Аппарат қызметкерлерінің с ыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру, Аппарат қызметкерлерінің өз құзыретінің шегінде басқарушылық және өзге де шешімдер дайындау және қабылдау кезіндегі әрекеттері мен шешімдерін айқындайды.

2. Аппарат қызметінің негізгі сипаттамасы

4. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Аппараттың миссиясы – Алматы қаласы әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп белгіленген.

5. Аппарат мемлекеттік орган болып табылады, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Аппараттың Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

6. Аппараттың міндеттері Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы » Заңының 29, 38 баптарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 « Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы » Жарлығымен белгіленген:

Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету және қаланың аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың оларды орындауын бақылау;

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесімен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, Парламентімен, қаланың өкілді органы – Алматы қаласының мәслихатымен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау, оның ішінде қала әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау, мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

қала әкімі белгілейтін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

7. Аппараттың функциялары Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-2 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38 бабына сәйкес белгіленген:

Алматы қаласы әкімі мен әкімдігін ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де мәселелер бойынша қамтамасыз ету;

қаладағы ішкі саяси және экономикалық ахуалды зерттеу және талдау, оның дамуын болжау, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың жұмысын талдау;

атқарушылық тәртіп жағдайына талдау жүргізу және қала әкіміне хабарлау;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының актілері мен тапсырмаларының, қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасының шеңберінде сайлау өткізу мәселелері бойынша ұйымдастырушылық дайындықты және іс-шараларды өткізуді жүзеге асыру;

әкімшілік-аумақтық құрылыс, тіршілікті қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту, көлік инфрақұрылымы, аумақтық даму мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдауды жүзеге асыру, стратегиялқ жоспарлау, болжау және дамудың болашақ бағыттарын дайындау;

әлеуметтік-мәдени саладағы қызметті үйлестіру;

өзара іс-қимылды ұйымдастыру және ведомствоаралық мәселелер, оның ішінде қала аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыспен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және лаңкестіктің алдын алу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру;

қала әкімінің және аудандар әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулерін өткізуін ұйымдастыру және үйлестіру;

қала әкімдігінің мәжілістерін, қала әкімі мен оның орынбасарларының, қала әкімі аппараты басшылығының кеңестерін, семинарлар мен өзге де іс-шараларды жоспарлау және оларға дайындалу мен өткізуді ұйымдастыру, мәжілістердің материалдары мен хаттамаларын ресімдеу мен таратуды жүзеге асыру;

Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, оның ішінде Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының қатысуымен іс-шаралар өткізу;

өзінің құзыреті шегінде Алматы қаласы әкімдігінің Регламентін сақтауды қамтамасыз ету;

қала әкімінің тапсырмасы бойынша қала әкімдігі мен әкімінің мүдделерін сотта білдіру және қорғау, прокурорлық назар аудару актілерін қарау;

мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың келесі бағыттар бойынша тиімділігін бағалау: мемлекеттік қызметтерді көрсету; персоналды басқару; ақпараттық технологияларды қолдану;

Аппарат ісін жүргізу және ұйымдастыру, оның ішінде құпия, арнайы байланыс, хат-хабарды өңдеу, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына, құпия режиміне сәйкес болуын, Аппарат ғимаратына өткізу және нысан ішіндегі режимді қамтамасыз ету;

жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандар әкімдерінің аппараттары, атқарушы органдар қызметін үйлестіру, олардың жұмысын жетілдіру;

қала әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, қала әкімдігінің және әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

кадр саясатын ұйымдастыру;

мемлекеттік наградалармен, қала әкімінің грамоталарымен марапаттауға ұсыну жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

қала әкімдігінің қаулыларының, қала әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне сараптама жасау;

нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу, сондай-ақ норма жасау қызметін үйлестіру;

қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз ету;

қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің өкімдерінің және қабылдайтын шешімдерінің жобаларын, сондай-ақ Аппарат басшысының бұйрықтарының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де жақтарының қала әкімдігінің Регламентіне сәйкестігіне сараптама жүргізу, сараптама нәтижесі бойынша қорытындылар (анықтамалар) әзірлеу;

алқа билеріне кандидаттардың тізімдерін әзірлеу жұмысын ұйымдастыру;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету;

қала әкімінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;

"электрондық әкімдік" жүйесін ақпараттандыру деңгейін көтеру және дамыту жұмысын ұйымдастыру;

мемлекеттік органның жұмысының сапасын көтеру және өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру;

жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

әскери басқарудың жергілікті органдарына олардың жұмысына бейбітшілік уақытында және жұмылдыру жарияланған кезде жәрдемдесу;

әскери міндеттілерді броньдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

мемлекеттік органдарды және ұйымдарды жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру;

жұмылдыру жоспарларын әзірлеу және бекіту;

уәкілетті органның аумақтық органымен бірлесе отырып, жергілікті масштабтағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды орындауды ұйымдастыру;

төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

бекітілген бюджеттердің тағайындауларына сәйкес жергілікті бюджеттің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде орындалуын қамтамасыз ету;

іс-қағаздарын кезең-кезеңмен мемлекеттік тілде енгізу;

Аппаратқа қала әкімі жүктеген өзге де функциялар.

8. Аппарат басшысы Аппаратқа басшылықты жүзеге асырады, ол Аппаратқа жүктелген тапсырмалардың орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапкершілікте болады.

3. Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезіндегі мінез-құлқына (іс-қимылына) ұсынымдар

жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау;

қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету;

жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;

адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалар өкілдерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту;

өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалану;

басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеу;

шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;

мүліктік және өзге де пайдалаарды алу мақсатында өзінің қызметтік өкілеттіктерін заңсыз пайдалану жолымен жеке, заңды тұлғалар өкілдерінің мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге жол бермеу.

4. Аппарат қызметкерлерінің өз құзыретінің шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезіндегі мінез-құлқына мінез-құлқына (іс-қимылына) ұсынымдар (іс-қимылына) ұсынымдар

басқа мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік ұйымдары мен субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуына жол бермеу;

қызметкерлер қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік таныту;

қарамағындағылардың қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін дәл және нақты белгілеу;

қарамағындағылар арасындағы еңбек жүктемесінің тең бөлінбеуіне жол бермеу;

қарамағындағыларға олардың лауазымдық міндеттерінің шеңберінен шығатын немесе тіпті орындалмайтын, сондай-ақ заңнамаға қарама-қайшы өкімдер бермеу;

қарамағындағыларды сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасауға мәжбүрлеу;

қарамағындағыларды сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасауға мәжбүрлеу;

қарамағындағылар мен басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының нормаларын бұзу фактілерін болдырмауға және олардың жолын кесу;

әріптестері өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша мүлтіксіз шараларды уақтылы қабылдау;

лауазымдық өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдамау;

әріптестеріне, басшыларына және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлықтар сыйламау және мүліктік пайда, игіліктер немесе артықшылықтар алу үшін лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, қызметтік емес қызметтер көрсетпеу;

тікелей басшыға немесе басшыға мүдделер қақтығыстарының, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке мүдденің туындауы туралы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқы мен сыйлықтар алуға итермелеу туралы баяндау;

егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылған болса жоғары тұрған басшылыққа өтініш білдіру;

лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке және пайдакүнемдiк мүдделерімен басшылық етпеу;

әріптестеріне және басшыларына бейтарап қызметтік шешім қабылдауға ықпал ете алатын белгіленген қарым-қатынастар тәртібін бұзатын заңсыз өтініштер жасаудан аулақ болу;

орындау үшін алынған өкімнің заңдылығына күдіктері туралы тікелей басшыға қағаз нысанында дереу хабарлау;

таратылуға жатпайтын қызметтік немесе өзге де ақпаратты мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар өндіріп алу мақсатында пайдаланбау;

егер жақын туысқандық қатынастарда тұратындар (ата-аналар, ағайындар, қарындастар, зайыбы (жұбайы), балалар) тікелей бағыныстылығы мен бақылауында болуына байланысты болса, лауазымға тағайындаудан бас тарту;

белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы басшылыққа дереу баяндау.

5. Аппарат қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін бақылау кезіндегі мінез-құлқына (іс-қимылына) ұсынымдар

мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының және өзге де нормативтік актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің қызмет алушылармен тікелей байланысын азайту мақсатында электрондық қызметтердің үлесіне мониторингті жүзеге асырсын;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау және тексеру іс-шараларын жүзеге асырсын, атап айтқанда мына фактілерді болдырмау үшін:

  1. Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды қызмет алушылардан талап ету;
  2. мемлекеттік қызмет стандартында ұсынуға көзделнген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету;
  3. мемлекеттік қызмет стандартында ұсынуы регламенттелмеген құжаттарды қызмет алушылардан талап ету;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу кезінде әділдік пен объективтілік таныту;

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын және олардың салдарын жою бойынша нақты шаралар қабылдау.

көрсетілетін қызметті алушылар болатын жерлерде және мемлекеттік органдардың интернет ресурсында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің орналастырылуына бақылауды қамтамасыз етсін.

6. Аппарат қызметкерлерінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызеттерді сатып алумен байланысты сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі мінез-құлқына (іс-қимылына) ұсынымдар

мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қатаң сақтау;

қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайлардан басқа, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығын және айқындығын сақтау;

дербес деректерді өңдеу кезінде үшінші тарапқа ақпарат және материалдарды бермеу;

мына:

ақша қаражатын жұмсау;

ақша қаражатының және материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;

материалдық қорлар мен негізгі құралдарды беру және есептен шығару бойынша алғашқы құжаттарды (қосымшаларды) ресімдеу, сондай-ақ оларды есепке алу және сақтау;

мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау, өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде қабылданатын шешімдердің заңдылығын және әділдігін қамтамасыз ету.

7. Аппарат қызметкерлерінің кадрларды іріктеу және орналастыру кезіндегі мінез-құлқына (іс-қимылына) ұсынымдар

кадрларды іріктеу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау;

меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеу;

жұмысқа қабылдау кезінде Аппараттың лауазымдық тұлғаларына жүктелетін негізгі міндеттерді, тыйымдарды және шектеулерді түсіндіру;

жақын туысқандардың, жұбайлардың және жекжаттардың бірлескен қызметіне (жұмысына) жол бермеу;

Аппарат қызметкерлерінің дербес деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеу;

Аппаратқа жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттардан қолданыстағы заңнамада белгіленбеген құжаттарды талап етпеу;

Аппарат қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеруді объективті және жан-жақты жүргізу.

8. Аппарат қызметкерлерінің нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезіндегі мінез-құлқына (іс-қимылына) ұсынымдар

Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу;

қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға және талқылауға міндетті қатысуын қамтамасыз ету;

нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобаларын көпшілік талқылауы үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру;

азаматтардың құқықтары, бостандығы және міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Алматы қаласының Қоғамдық кеңесімен келісуді қамтамасыз ету;

жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен келісуді қамтамасыз ету;

нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде ғылыми сараптама өткізу (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, экономикалық және реттейтін құқықтық қатынастарына байланысты басқа) мүмкіндігін қамтамасыз ету;

нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторларын немесе олардың белгілерін қамтитын нормаларды пайдаланбау.

9. Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған мінез-құлқына (іс-қимылына) ұсынымдар

Қазақстан халқының бірлігін және ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салты мен дәстүрлеріне құрметпен қарау;

қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген сенімін сақтау және күшейту;

мемлекеттің мүддесіне зиян келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі келтіретін немесе төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;

мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, автокөлік құралдарын қоса алғанда, уақытша мемлекеттік меншікті ұтымды, тиімді және қызметтік мақсаттарға ғана пайдалану;

қызметтік тәртіпті мүлтіксіз сақтау, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы орындау, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ашуда белсенділік таныту;

жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұстану және әріптестерден оны сақтауды талап ету;

жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларын ұстану, қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеу;

іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық ережелерін сақтау;

осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қатаң сақтау.

10. Өзге ұсынымдар

кәсіпкерлік қызметпен айналыспау, оның ішінде қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайлардан басқа, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруға қатыспау;

педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге қызметпен айналыспау;

Аппараттағы үшінші тұлғалардың істері бойынша өкілі болмауға, мүдделерді қорғаудан бас тарту;

тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу;

мемлекеттік функцияларды орындаумен сәйкес келмейтін қызметпен айналыспау;

мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасамау;

жоғары тұрған не төмен тұрған, не онымен қызметі немесе жұмыс бабында басқа да қатынастағы лауазымды тұлғамен ақшалай немесе өзеге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспау;

өзінің мәртебесін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға алып келуі ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгіленген шектеулерді қабылдау.

11. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері едәуір жоғары лауазымдар тізбесі

№ р/с

Қызметкер лауазымының атауы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің дәрежесі
(5 балдық шкала бойынша)

1

Қаржы-шаруашылық бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі бас маманы

2

12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт туралы техникалық ақпарат

9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты өзгерту Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

10. Сыбайлас жемқорлық стандартын әзірлеушілер туралы мәліметтер:

Ұйым

Қызметкердің лауазымы

Т.А.Ә.

1

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас маманы

Құмарғазин Бауыржан Серікұлы

2

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас маманы

Мухамеджанова Татьяна Вячеславовна

3

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) бас маманы

Сейтмұстафа Әсел

4

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы

Бөлетаева Диана Мұхтарқызы

5

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің бас маманы

Байназарова Еңлік Нұрғалымқызы

6

«Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қоры

директор

Көбеева Алтынай Орманқалиқызы

7

«Намыс» жоғары білімі бар мүгедектердің қоғамдық бірлестігі

төраға

Полукаров Юрий Владимирович

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56