^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 14 желтоқсан 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда «Нұр Отан» партиясының мультимедиялық мұражайы ашылды
30 қараша 2017

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында білім, денсаулық сақтау, мәдениет пен бизнес саласы өкілдерін партия қатарына қабылдау және «Нұр Отан» партиясының алғашқы мультимедиялық мұражайын ашу шараларының салтанатты рәсімі өтті.

Мұражайдан «Нұр Отан» партиясының құрылуы мен қалыптасу тарихын, партияның маңызды құжаттарын, сонымен қатар партия Төрағасына тиесілі профессор мантиясын, кітаптарды, партия билеттерін және басқа да заттарды көруге болады.

Мұнда келушілер жобадағы партия тарихының, заманауи дизайн мен жаңа технологиялардың өзара үйлесім тапқан ерекше концепциясын бағалай алады. Интерактивті панелдер (multi-touch-screen) дәстүрлі мұражай сөрелерін алмастырған. LED-экраннан 10 гигабайтты ақпаратты цифрлы экспозиция түрінде көруге болады.

Мұражайды ашудағы басты мақсат-тарихи әрі мәдени, қоғамдық-саяси ақпаратты жинақталған тарихи құжаттар негізінде зерттеу және насихаттау.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен біз Тәуелсіздікті, еліміздің әлеуметтік- экономикалық даму жетістіктерін, Қазақстанның халыаралық аренадағы беделін байланыстырамыз. Біз дамыған мемлекеттер қатарына енуге ұмтылудамыз, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған жаңару мен реформалар бәсекеге қабілетті елдер қатарына енудің басты шарты. Біз партия көшбасшысы Н. Назарбаевқа тірек болуға және Қазақстанның игілі жолында бірге жұмыс істеуге тиіспіз!», - деп үн тастады жаңа партия мүшелеріне Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ол сонымен қатар Алматы қаласының тәуелсіздік жылдары қолжеткен жетістіктерінің бәрі Мемлекет басшысының есімімен тікелей байланысты екенін қадап тұрып айтты.

Салтанатты шара барысында партия билеттерін «Тамаша» театрының көркемдік жетекшісі Асылбек Боранбай, радиожүргізуші Диана Снегина, №140 мектеп–гимназияның педагогы, жыл мұғалімі Гүлбану Әбжанова, репродуктивті медицина Институты бас дәрігерінің орынбасары Лазат Айтқожина, «ABM GROUP» ЖШС басқармасының төрағасы Азамат Молдақасымов, GoSport негізін қалаушы, «Khan Consulting» ЖШС-тің бас директоры Әнуар Манабаев және «Традиции народа Семиречья» қоғамдық бірлестігінің президенті Семен Шихотов алды.

Бүгінгі күні жалпы республика бойынша 1 миллиондай партия мүшелері бар. Тек Алматы қалалық филиалының өзінде ғана 90 мың адамды біріктіріп отырған 750 бастауыш партия ұйымдары ойдағыдай жұмыс істеуде. Партияның қалалық филиалы заңдылықты жетілдіру туралы 30 ұсыныс енгізген болатын, оның жартысынан астамы Парламен Мәжілісінде мақұлданды. Партия филиалында күн сайын он мыңдай өтінімдер қаралып, жүйелі шешімдер қабылдануда. 10 ай ішінде мемлекеттік органдарға 100-ден астам ұсыныс жіберілген, олардың 80%-ы қабылданды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі инновациялық жобалармен танысты »»
13 желтоқсан 2017 - 13:35
Алматы әкімі Бауыржан Байбек университеттің технопаркі мен «жасыл технология» орталығында болып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі инновациялық жобалармен танысты. Мұндағы жобалардың басым бөлігі Астанада өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеде алғаш рет көрсетілген болатын. Бүгінгі күні ұлттық университет аумағында жел, күн, геотермал, биогаз, сутегі және гидро энергияларды алу үшін экспериментальды алаңдар жасалған. Соның арқасында студенттер энергияның баламалы түрін...
Алматыда инженерлік желілер қайта жасалған соң Оңтүстік-Шығыс қазандығы жаңарды »»
12 желтоқсан 2017 - 16:25
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында «Алматы жылукоммунэнерго» ЖШС-нің жергілікті бюджет есебінен қайта жаңарған аудандық Оңтүстік-Шығыс қазандығын қарап шықты. Модернизация барысында қазандықтың жылу қуаты 25%-ға артты, қала тұрғындарының пәтерлеріне жылу тұрақты беріліп, жаңа абоненттердің қосылуы қамтамасыз етілді. Алматыда биылғы жаз маусымында инженерлік желілерді қайта жасау мен салу барысында ауқымды жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде жалпы ұзындығы 761,3 км инженерлік жүйе...
Алматыда астананың 20 жылдығы құрметіне Астананың қалыптасуына үлес қосқан қазақстандықтар марапатталды »»
11 желтоқсан 2017 - 12:17
Республика Сарайында астананың 20 жылдығы құрметіне Алматыда тұрған немесе туылған және еліміздің бас қаласы Астананың қалыптасуына үлес қосқан қайраткерлерді «Астана - ардағым» сыйлығымен марапттау салтанаты өтті. Осыдан тура 20 жыл бұрын, 10 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы болып Астана қаласы жарияланды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өзінің сөзінде Елбасының астананы көшіру туралы бастамасы еліміз үшін күрделі 90 жылдары ту...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13