^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 14 желтоқсан 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда №70 бағыты бойынша жаңа автобустар жолға шықты
07 желтоқсан 2017

Алматыда көлік реформасы және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау жұмыстары жүруде. Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек №70 бағыты бойынша қызмет көрсетуді бастаған жаңа автобустарды қарап шықты.

Қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов жеке тасымалдаушының №70 бағыты бойынша жеткілікті қозғалмалы составы болмауы салдарынан жолаушылар тарапынан көп шағымдар түскенін айтты.

«Бағыт өте қажет, өйткені «Көкжиек» ықшам ауданынан басталып, қаланың орталығын басып өтіп, «Таулы қырат» елді мекенінде соңғы аялдамасын жасайды. Қажетті автобустар бөлу арқылы бұл бағытқа «Алматыэлектротранс» ЖШС қызмет көрсетуі тиіс деген шешім қабылданды. Бұлар- кондиционерлермен, пандустармен, видеобақылаумен жабдықталған әрі эклогиялық Евро-5 сыныбындағы 12 метрлі төмен еденді автобустар. Енді жолаушылар легі артады деген сенімдеміз, - деді М.Исахов.

Естеріңізге салсақ, бұрын №86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шыққан болатын, №77 бағыты қайта ашылды.

Жалпы, биылғы жылы Алматыда 388 автобус алуға қаржы бөлінген еді, олардың 165 – і түрлі бағыттар бойынша қызмет көрсетуде, қалған 223 –і жыл аяғына дейін іске қосылады.

Көлік реформасы аясында жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус сатып алды, олардың 79-ы бағыттар бойынша жүруде. Жыл аяғына дейін тағы 32 автобус жолға шығады, қалған жаңа 163 автобус 2018 жылдың бірінші тоқсанында келеді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі инновациялық жобалармен танысты »»
13 желтоқсан 2017 - 13:35
Алматы әкімі Бауыржан Байбек университеттің технопаркі мен «жасыл технология» орталығында болып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі инновациялық жобалармен танысты. Мұндағы жобалардың басым бөлігі Астанада өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеде алғаш рет көрсетілген болатын. Бүгінгі күні ұлттық университет аумағында жел, күн, геотермал, биогаз, сутегі және гидро энергияларды алу үшін экспериментальды алаңдар жасалған. Соның арқасында студенттер энергияның баламалы түрін...
Алматыда инженерлік желілер қайта жасалған соң Оңтүстік-Шығыс қазандығы жаңарды »»
12 желтоқсан 2017 - 16:25
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында «Алматы жылукоммунэнерго» ЖШС-нің жергілікті бюджет есебінен қайта жаңарған аудандық Оңтүстік-Шығыс қазандығын қарап шықты. Модернизация барысында қазандықтың жылу қуаты 25%-ға артты, қала тұрғындарының пәтерлеріне жылу тұрақты беріліп, жаңа абоненттердің қосылуы қамтамасыз етілді. Алматыда биылғы жаз маусымында инженерлік желілерді қайта жасау мен салу барысында ауқымды жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде жалпы ұзындығы 761,3 км инженерлік жүйе...
Алматыда астананың 20 жылдығы құрметіне Астананың қалыптасуына үлес қосқан қазақстандықтар марапатталды »»
11 желтоқсан 2017 - 12:17
Республика Сарайында астананың 20 жылдығы құрметіне Алматыда тұрған немесе туылған және еліміздің бас қаласы Астананың қалыптасуына үлес қосқан қайраткерлерді «Астана - ардағым» сыйлығымен марапттау салтанаты өтті. Осыдан тура 20 жыл бұрын, 10 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы болып Астана қаласы жарияланды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өзінің сөзінде Елбасының астананы көшіру туралы бастамасы еліміз үшін күрделі 90 жылдары ту...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13