^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 14 желтоқсан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда жыл ішінде 1,4 млн. мемлеккеттік қызмет электронды форматта көрсетілді
26 желтоқсан 2017

Бұл туралы Үкімет отырысында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек хабарлады. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша цифрландыру және «Smart Almaty» жол картасының концепциясын жасау бойынша жүйелі жұмыстың жүріп жатқанын атап өтті. Қазірдің өзінде Қазакқстандағы электронды коммерцияны тұтынушылардың 40%-ы мен қолма- қол есептесудің 54%-ы Алматыға тиесілі. Қалада электронды форматта көрсетілетін мемлекеттік қызмет саны 8 есе артып, 2017 жылы 1,4 миллионға жетті.

«IT- шешімдерді қабылдау алдында біз бірінші кезекте әлеуметтік-экономикалық тиімділікті немесе экономикалық қайтарымды басшылыққа аламыз. Мысалы, бірқатар жобаларды енгізу барысында көлеңкелі экономика деңгейі төмендеді және көлік жүйесіне нарықтың біртіндеп енуі қамтамасыз етілді. «ОҢАЙ» жүйесінің арқасында 20 млрд.теңгенің 350 млн. теңгесі транзакцияланды. «A-Parking» жүйесі қала орталығындағы көлік тұрағының 10% -ын қамтыды, осының арқасында салық түсімі бес есе артып, 38 миллионнан 190 млн. теңгеге жетті. Біз қазір бағыттарды оңтайландырып, жол қозғалысын басқаратын «Интеллектуалды көлік жүйесін» жасаудамыз», -деді Бауыржан Байбек.

Бауыржан Байбек ашықтықтықты қамтамасыз ету мақсатында «almatygenplan.kz» порталында қызыл жиектер сызбаларының, жылу және электр жүйелері қуатының, сумен қамтудың және басқаларының жарияланатынын айтты. Инженерлік жобалар жасау уақыты 2 есе қысқарған, техникалық шарттарды беру кедергілері жойылған. 2018 жылы қаланың 3D-картасын жасау, инфрақұрылымды цифрлы паспорттауды аяқтау жоспарланған.

Бұлардан өзге, жариялылықты және қала тұрғындарымен байланысты нығайту мақсатында пилотты режимде «Электронды ПИК» порталы жұмыс істеуде. Келер жылы жылудың, судың шығынын көрсететін және коммуналды төлемді қабылдайтын мобильді жобаны енгузі жоспарланған. Сел қаупі бар обьектілергеі мониторинг жүргізу жүйесі жасалуда.

Айта кетерлігі, бұрындары Алматыда әкімнің жаңа форматтағы «Open Almaty» қоғамдық қабылдау орталығы ашылған болатын. Мұнда 5 мыңнан астам өтінім қаралды, ХҚКО қамтымаған 560 өмірлік маңызы бар оқиғалар назарға алынды. «Рухани жаңғыру» аясында Бас прокуратурамен бірге open space қағидасы бойынша жұмыс істейтін құқықтық қызмет көрсету Орталығы ашылды. Мектептің бірінші сыныбына қабылдау, тұрғын үй құжаттарын алу, бала бақшада орындарды бөлу, АЖТ беру автоматтандырылған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда BRT желісінде алғашқы электронды таблолар пайда болды »»
13 желтоқсан 2018 - 16:15
Электронды таблоларда бағыт нөмірлері және қоғамдық көліктің бекет кешенінен қашан келетіні туралы ақпараттар болады. Қалалықтар цифрлы жаңалық арқылы Көлік холдингінің операторымен арнайы модуль арқылы байланыса алады. Бұл жоба бюджеттен тыс қаржы есебінен іске асуда. Қоғамдық көлік қозғалысын онлайн-кесте немесе «Оңай» қосымшасы арқылы білуге болады. Бұдан өзге, тамыздан бастап осы қосымшаны пайдаланатындар QR-коды арқылы жол ақысын да төлей бастады. Кезекті жұмыс сапары барысында Алматы әк...
Алматыда қаланың үздік мұғалімдері марапатталды
13 желтоқсан 2018 - 13:26
Алматыда орта білім беретін мекемелердің 100-ден астам мұғалімдері қатысқан «Ұстаз Мәртебесі – Ұлт Мерейі» қалалық конкурсының қорытындысы шығарылды. №159 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Ахметова Алматының «Үздік мұғалімі» атанды, оған жаңадан ашылған №168 мектепте салтанатты түрде автомобильдің кілті тапсырылды. №140 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Нұрғалы Нұрымбетовке отбасылық демалыстың жолдамасы берілді. Бұлардан өзге бірқатар ұстаздарға д...
Алматы әкімі «Нұр Отан» партиясында азаматтарды қабылдады »»
12 желтоқсан 2018 - 20:28
Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясының жаңарған қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Мегаполис әкімінің тұрғындармен кездесуі кезінде қоғамдық көлікті модернизациялау, жаңа мектептер мен жолдар салу, қала базарларын реконструкциялау мәселелері қаралды. Мысалы, үш баланың анасы Әлия Жалғасбаева қала басшысына «Дархан» ықшам ауданында мектеп салу қажеттігін айтты. Қазіргі кезде Алатау ауданында оқушы орнының жетіспеушілігі айқын байқалады. Өйткені, тек соңғы үш ж...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13