^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 24 маусым 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі кереңдердің Халықаралық спорт комитетінің басшысымен кездесті
28 желтоқсан 2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кереңдердің Халықаралық спорт комитетінің президенті Валерий Рухледевпен кездесті. Тараптар қалада 2019 жылы қысқы XIX Сурдлимпиада ойындарын өткізу мүмкіндіктерін талқылады.

Лозаннадан делегациямен бірге келген Валерий Рухледев қалада қысқы спорт түрлері, соның ішінде Сурдлимпиада ойындарын өткізу бойынша қажетті инфрақұрылымдардың бар екенін және сол арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарды бұқаралық спортқа кеңінен тартуға болатындығын айтты.

«Біз Алматы қаласында салынған тамаша спорт инфрақұрылымымен таныстық. Нысандардың сәулеті және заманауи стандартқа сай жабдықталғаны ғана емес, обьектілердің ішін толтырған белсенді спорттық өмір де тәнті етті. Біз керлинг пен тау шаңығысы бойынша өткен республикалық жарыстарды, балалардың мәнерлеп сырғанау мен хоккей ойнау барысындағы жаттығуларын, сонымен қатар конкий мен шаңғыдан жаппай сырғанау сияқты шараларды көрдік. Осының барлығы және өте жоғары деңгейде өткен 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада бүгінгі күні Алматының әлемдік қысқы спорт орталығы екенін дәлелдейді», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, Сурдлимпиадалар ойын өтетін қалалардың қоғамдық кеңістігін жасқартады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үші арнайы пандустар, лифтар, тротуарлар, бағдаршамдар пайда болады немесе бұрыннан барлары қайта жаңғырады, арнайы белгілер, визуалды көрсеткіштер және көптеген басқалары орнатылады.

«Кереңдердің Халықаралық спорт комитетінің құрылғанына 94 жыл ішінде қысқы Сурдлимпиада ойындары Азия континентінде бірде – бір рет өтпеген екен. Көп жылдық тәжірибеден байқағанымыз, Сурдлимпиада ойындары өткен соң мүмкіндігі шектеулі жанждардың бойында денешынықтыру мен спортқа деген белсенділік арта түседі. Ойындар олардың ерік-жігерін, әлеуметтік өмірге деген қызығушылығын арттырады. Алматыдан өтінім түскен жоқ, бірақ біз қаланы осы ойындардың болып қалуы мүмкін астанасы санаймыз», - деп толықтырды ол өзінің сөзін.

Айта кетерлігі, қазіргі кезде қалада 44,1 мың мүгедек тұрады, олардың 5-мыңға жуығы құлағы нашар еститіндер. 2017 жылы мүгедектерге әлеуметтік көмек ретінде 4,1 млрд. теңге бөлінді

Сурдлимпиада ойындары – құлағы саңырау адамдардың спорттық жарысы, кереңдердің алғашқы Бүкіләлемдік ойындары 1924 жылы Парижде өткен болатын.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады »»
23 маусым 2018 - 20:53
Алматыда Полиция күні мен Мемлекетік қызметкер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік шараға жиналғандарды сахнадан артистер мен отандық эстрада жұлдыздары: қаланың ІІД-нің оркестрі, Мәдина Сәдуақасова, Бүркіт пен Аиша, «ILCANTO» квартеті, Әли Оқапов, Жәмилә Серкебаева, «Азия» және «Асыл» топтары, Ұлан Әубәкіров, Қайрат Игіліков және басқалары құттықтады. Салтанатты шара барысында қала әкімі үздік мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау қызметкерлерін алғы...
Алматыда халықаралық «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» фестивалі өтуде »»
23 маусым 2018 - 19:47
Алатаудың көркем етегіндегі «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінде халықаралық «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивалі өтуде, оған Қазақстанның, Венгрияның, Монғолияның, Украинаның, Башқұрстанның, Тывы мен Дағыстанның, Якутияның, Алтайдың, Қалмыкия мен Бурятияның, Қырғызстанның және басқаларының өкілдері қатысуда. Екі күн бойына фестиваль қонақтары кәсіби бүркітшілердің, шабандоз жігіттер мен көкпаршылардың, садақ атушылардың, палуандардың жекпе- жегін, ат үст...
«Көк-жайлау» шатқалындағы жер мемлекетке қайтарылады »»
22 маусым 2018 - 16:47
«Көкжайлауды» дамытуға қатысты өткен көшпелі жиында «Almaty Mountain Resorts» ЖШС-нің директоры Наиль Нуров жыл бойына жұмыс жасайтын тау курортын жасауға байланысты оның аумағына сараптама жүргізгенде 2002 жылы 5 гектардың жердің жеке меншікке берілгені анықталғанан айтты. Мемлекеттік жер кадастрының автоматты ақпараттық жүйесінің мәліметіне сай 5 гектар жердің Алматы облысы аумағында орналасқаны және оның 2002 жылы жеке меншікке берілгені көрсетілген. 2014 жылы Алматы қаласы шека...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13