^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 17 қаңтар 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда жаңа автобус бағыттары ашылды
12 қаңтар 2018

Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Осыған орай, бүгін сыйымдылығы шағын автобустар қатынайтын жаңа екі №46 және №122 бағыттары ашылды.

Айта кетерлігі, Жетісу ауданы тұрғындарының кө өтінімдері бойынша № 46 бағыты ашылды, көлік .Первомайка ықшам ауданын – Универсалды базарды – Құлагер елді мекенін – Жетісу аудандық әкімдігін – Белинский көшесін қамтып,«Алматы-1» теміржол вокзалына дейін барады. Бұл бағыт бойынша жылжымалы состватың10 бірлігі қызмет көрсетеді, интервал арасы 10 минут. Болжамдағы жолаушылар легі - тәулігіне 3000 адам.

Алатау ауданындағы Рахат және Мәдениет елді мекендері тұрғындарын көлікпен қамту үшін бұрын бір ғана автобус қатынайтын №122 бағытына трассификация бойынша өзгеріс енгізілді, енді көлік мыналарды қамтиды: Рахат, Мәдениет ықшам аудандары - №196 мектеп - М.Шоқай көшесі - Орталық - ҮАК- Саялы – ХҚКО авто - Ақын Сара көшесі - Б.Момышұлы көшесі - Универсиада көшесі - Алатау ауданының ХҚКО. Бүгіннен бастап бұл бағыт бойынша бес автобус жүруде, интервалы 20 минут.

Еске салсақ, бұрындары Алматыда көлікті реформалау аясында №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаңарып, №201 магистральды бағыт ашылған еді.

Жалпы, көлікті реформалау аясында Алматыда биылғы жылы сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынған болатын, олардың 210– ы бағыттар бойынша жолда жүр, 180 жаңа автобус ақпан айының соңына дейін кезеңмен бағыттарға шығады.Жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды,олардың 91 – і қала жолдарында қызмет көрсетуде.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда жаңа автобус бағыттары ашылды
12 қаңтар 2018 - 14:50
Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Осыған орай, бүгін сыйымдылығы шағын автобустар қатынайтын жаңа екі №46 және №122 бағыттары ашылды. Айта кетерлігі, Жетісу ауданы тұрғындарының кө өтінімдері бойынша № 46 бағыты ашылды, көлік .Первомайка ықшам ауданын – Универсалды базарды – Құлагер елді мекенін – Жетісу аудандық әкімдігін – Белинский көшесін қамтып,«Алматы-1&ra...
Алматы қаласының әкімі Мемлекет басшысына қаланың элеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады »»
06 қаңтар 2018 - 19:40
Қазақстан Президентінің Алматыдағы резиденциясында өткен кездесу барысында Бауыржан Байбек Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев Алматының республика экономикасында маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, қаланың даму мәселелерін ұдайы назарда ұстайтынын айтты. – Егер қала халқы 2 миллион адамнан асса, ол экономикалық тұрғыдан өзін-өзі толық қамтамасыз ете алады. Қаланың дамуы жаңа мүмкіндіктер туғызып, ша...
Алматыда Медеуге дейін жаңа автобустар жүре бастады »»
05 қаңтар 2018 - 13:31
Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында №12 бағыты бойынша «Қазақстан» қонақ үйінен «Медеу» биік мұз айдынына дейін баратын жаңа автобустарды көрді. Алматыда биылғы көлік реформасы аясында сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынды, олардың 195–і бағыттар бойынша қызмет көрсетуде, тағы 200 жаңа автобус қалаға келді және ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13