^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 14 желтоқсан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда №127 бағыттағы автобустар жаңарды
18 қаңтар 2018

Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Осыған орай, бүгін Евро-5 экологиялық сыныптағы жаңа автобустар №127 бағыт бойынша жолға шықты.

Бұрын жеке тасымалдаушы қызмет көрсеткен осы бағыттағы автобустар ескі болғандықтан жолаушылар тарапынан көп сынға ұшырайтын.

Бүгіннен бастап «Қазахфильм» және Қонаев көшесі, Райымбек даңғылы бойынша күн сайын 12 автобус қатынайды, интервалы алты минут. Төмен еденді 9,5 метрлі автобустар кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен, пандустармен және басқаларымен жабдықталған. Болжам бойынша жаңарған жылжымалы соства барысында бұл бағытта жолаушы легі жетіден 9,5 мың адамға дейін артады деп күтілуде.

Бұрындары №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаңарып, №201 магистральды бағыт және №1 бағыт ашылған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған еді.

Жалпы, көлікті реформалау аясында Алматыда сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынған болатын, олардың 230-ы бағыттар бойынша жолда жүр, 160 жаңа автобус ақпан айының соңына дейін кезеңмен бағыттарға шығады. Жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды, олардың 91-і қала жолдарында қызмет көрсетуде.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда BRT желісінде алғашқы электронды таблолар пайда болды »»
13 желтоқсан 2018 - 16:15
Электронды таблоларда бағыт нөмірлері және қоғамдық көліктің бекет кешенінен қашан келетіні туралы ақпараттар болады. Қалалықтар цифрлы жаңалық арқылы Көлік холдингінің операторымен арнайы модуль арқылы байланыса алады. Бұл жоба бюджеттен тыс қаржы есебінен іске асуда. Қоғамдық көлік қозғалысын онлайн-кесте немесе «Оңай» қосымшасы арқылы білуге болады. Бұдан өзге, тамыздан бастап осы қосымшаны пайдаланатындар QR-коды арқылы жол ақысын да төлей бастады. Кезекті жұмыс сапары барысында Алматы әк...
Алматыда қаланың үздік мұғалімдері марапатталды
13 желтоқсан 2018 - 13:26
Алматыда орта білім беретін мекемелердің 100-ден астам мұғалімдері қатысқан «Ұстаз Мәртебесі – Ұлт Мерейі» қалалық конкурсының қорытындысы шығарылды. №159 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Ахметова Алматының «Үздік мұғалімі» атанды, оған жаңадан ашылған №168 мектепте салтанатты түрде автомобильдің кілті тапсырылды. №140 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Нұрғалы Нұрымбетовке отбасылық демалыстың жолдамасы берілді. Бұлардан өзге бірқатар ұстаздарға д...
Алматы әкімі «Нұр Отан» партиясында азаматтарды қабылдады »»
12 желтоқсан 2018 - 20:28
Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясының жаңарған қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Мегаполис әкімінің тұрғындармен кездесуі кезінде қоғамдық көлікті модернизациялау, жаңа мектептер мен жолдар салу, қала базарларын реконструкциялау мәселелері қаралды. Мысалы, үш баланың анасы Әлия Жалғасбаева қала басшысына «Дархан» ықшам ауданында мектеп салу қажеттігін айтты. Қазіргі кезде Алатау ауданында оқушы орнының жетіспеушілігі айқын байқалады. Өйткені, тек соңғы үш ж...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13