^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 26 ақпан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда бірқатар ірі медициналық нысандар салу жоспарлануда
26 қаңтар 2018

Алматыда таяу арадағы үш жыл ішінде бірқатар ірі медициналық нысандар салу жоспарлануда, олардың арасында жаңа онкологиялық орталық, қазақ- жапон диагностикалық орталығы, презентхана және халықаралық «Mount Sinai» госпиталі бар. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жаңа «Керуен-Medicus» медицина орталығында болғанда айтты.

Қала басшысы клиника ұжымымен кездесу барысында Орта Азия қалалары арасында Алматының «Саламатты қалалар» Бүкіләлемдік ұйымы жүйесіне алғашқылардың бірі болып енгенін және медициналық туризмді дамытуда үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті. Тек 2017 жылдың өзінде ғана 2 мыңнан астам шетелдік азаматтар мен еліміздің өзге өңірлерінен келген 270 мың адамға медициналық қызмет көрсетілген. Ал бұл өз кезегінде қала бюджетіне 240 млн. теңгеден астам кіріс әкелген.

Ол өзінің сөзінде медициналық қызмет сапасын арттырып қана қоймай, денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізіп, одан әрі дамытудың барынша маңызды екенін де айтты Сырқаттың алдын алуға жете назар аударылуы тиіс. Демек, диагностиканы ерте қою мен салауатты өмір салтын дамыту қажет.

«Шын мәнісінде денсаулық сақтау қаланың экожүйесінен бастау алады, сондықтан біз экология мәселелері мен «Қала адамдар үшін» концепциясына ерекше назар аударамыз, жаяу жүргінші аймақтарын, саябақтар мен скверлерді жасауға, экологиялық қоғамдық көлікті енгізуге, Алматы аулаларын жаңартуға, балалар және спор алаңдарын салуға жете мән береміз. Қазіргі кезде ТЭЦ-1 модернизациялануда және ТЭЦ-2 газға көшіру үшін болжам бойынша ТЭО жасалуда. Жыл аяғына дейін жеке сектор толық газдандырылуы тиіс», - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, соңғы 2 жыл ішінде медицина мекемелерін жарақтандыру деңгейі 75%-ға жетті, осының арқасында қызмет көрсету сапасы артып, нақтылы диагноз қойылып, сырқат түрі ерте анықталатын болды. Қалалық денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру барысында әр пациенттің электронды денсаулық паспортын енгізу, кем дегенде 35 жылжымалы модульді кешен арқасында орталықтандыруды іске асыру және Smart технологияны пайдаланып медицналық көмек сапасын арттыру жоспарланған.

Заманауи технологияларды тиімді қолдану арқасында жаңа «Керуен-Medicus» клиникасында 3D-форматында күрделі операциялар жасауға мүмкіндік туды. Бұдан өзге, корейлік «Severance Hospital» және немістің «Freiburg University Klinik» клиникаларымен ынтымақтастық және кадрлар даярлау жөнінде өзара келісімге қол қойылған.

«Мен Қазақстандағы медицинаның дамуы- Европа мен Америкадан кем түспейтін ерекше модель екенін айтқым келеді. Бүгін клиниканы аралап шықтым, арнайы электронды карта жасау үшін тіркелуден бастап барлық шаралардың өте тиімді әрі бүгінге заманға лайық екенін көрдім. Диагностика мен терапия үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Сонықтан бұл клиниканың Қазақстанның басқа ауруханалары үшін үлгі болатындығына мен сенімдімін», - деп атап өтті профессор, Фрайбург қаласындағы университет клиникасының деканы Хьюберт Блюм.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі »»
21 ақпан 2018 - 16:33
Құрметті алматылықтар! Қадірлі қауым! Біз бүгін қаламыздың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап, алдағы жоспарларымызды талқылау үшін жыл сайынғы есептік кездесуде бас қосып отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, Елбасы қаңтар айындағы халыққа Жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде табысты дамудың 10 нақты міндетін айқындап берді. Бұл - экономиканың барлық салаларында инновациялық, цифрлық және энергия үнемдейтін технологияларды енгізу, тиімді мемлекеттік басқару, сондай-ақ ад...
Алматыда «Орбита» ықшам ауданынан метроның «Райымбек» бекетіне дейін автобус бағыты ашылды »»
20 ақпан 2018 - 12:32
Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Бүгін №98 бағыт бойынша сыйымдылығы үлкен автобустар жолға шықты. Евро-5 экологиялық сыныптағы төмен еденді автобустар мыналарды қамтиды: Рысқұлбеков көшесіндегі «Байтал»ТК – Мұстафин – Торайғыров көшелері – Әл-Фараби даңғылы– Розыбакиев – Қожабеков көшелері – Гагарин даңғылы – Тимирязев – Әуезо...
Алматының көлік бағыттарында газбен жүретін «Mercedes-Benz» автобусы тестен өтеді »»
16 ақпан 2018 - 16:51
Немістің «Daimler AG» концерні Алматының тасымалдаушыларына газбен жүретін автобусты көлік бағытттарында тестен өткізуді ұсынды. Жұмыс сапары барысында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек «Евро-6» экологиялық сыныпқа жататын «Mercedes-Benz» маркалы автобустарды көрді. Бұл автобустың басты ерекшелігі,«Daimler AG» коцерні ұтымты газ двигательдерін жасайтын әлемдегі жалғыз компания болып табылады, ал қалғандарының барлығы дизельді двигательдерде газ қондырғыларын п...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13