^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 26 ақпан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі «Medical Excellence Japan» президентімен кездесті
01 ақпан 2018

«Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Medical Excellence Japan» президенті Шузо Ямамотомен кездесті. Тараптар Орта Азиялық өңірде алғашқылардың бірі болып табылатын әрі онкологиялық ауруларды ерте анықтайтын жапондық медициналық диагностикалық орталық құрылысының біріккен жобасын жүзеге асыру мәселесін талқылады.

Ынтымақтастық жөнінде бұрын жасалған меморандум аясында қазақстандық – жапондық онкологиялық орталық ең озық технологиялармен жабдықталады әрі жобаның басты шарты жергілікті мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады.

«Біз қазіргі кезде жапондық компанияларды, олардың инвестициялары мен технологияларын кеңінен тартудамыз, өйткені олар көптеген салаларда алдыңғы қатарда және кейбіреулерінің әлемде баламасы жоқ. Ең маңыздысы, орталықтың дұрыс жұмыс істеуі және алматылықтар мен жалпы өңір тұрғындары үшін сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетуі», - деді қала басшысы.

Өз кезегінде Шузо Ямамото Алматының Орта Азия бойынша жапондық медицина жетістіктерін экспорттаудың барынша жайлы әрі ұтымды орын ретінде таңдалғанын атап өтті.

«Жапонияда біз пациент үшін сырқттан емделмес бұрын жыл сайын диагностикадан өтуі пайдалы екенін болжадық. Осынау болжамға Алматы да түсіністікпен қарайды деп сенміз. Орталықтың концепциясын жобалау үшін Алматы тұрғындарының сырқаттарына қатысты статисткалық мәліметтерге сараптама жүргіземіз», - « Medical Excellence Japan» президенті Шузо Ямамото.

Жалпы үш жыл ішінде қалада бірқатар ірі медициналық нысандар салу жоспарланған, олардың ішінде жаңа онкологиялық орталық, перзентхана және халықаралық «Mount Sinai» госпиталі бар.

Айта кетерлігі, соңғы 2 жыл ішінде медицина мекемелерін жарақтандыру деңгейі 75%-ға жетті. Қалалық денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру барысында әр пациенттің электронды денсаулық паспортын енгізу, кем дегенде 35 жылжымалы модульді кешен арқасында орталықтандыруды іске асыру және Smart технологияны пайдаланып медицналық көмек сапасын арттыру жоспарланған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі »»
21 ақпан 2018 - 16:33
Құрметті алматылықтар! Қадірлі қауым! Біз бүгін қаламыздың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап, алдағы жоспарларымызды талқылау үшін жыл сайынғы есептік кездесуде бас қосып отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, Елбасы қаңтар айындағы халыққа Жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде табысты дамудың 10 нақты міндетін айқындап берді. Бұл - экономиканың барлық салаларында инновациялық, цифрлық және энергия үнемдейтін технологияларды енгізу, тиімді мемлекеттік басқару, сондай-ақ ад...
Алматыда «Орбита» ықшам ауданынан метроның «Райымбек» бекетіне дейін автобус бағыты ашылды »»
20 ақпан 2018 - 12:32
Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Бүгін №98 бағыт бойынша сыйымдылығы үлкен автобустар жолға шықты. Евро-5 экологиялық сыныптағы төмен еденді автобустар мыналарды қамтиды: Рысқұлбеков көшесіндегі «Байтал»ТК – Мұстафин – Торайғыров көшелері – Әл-Фараби даңғылы– Розыбакиев – Қожабеков көшелері – Гагарин даңғылы – Тимирязев – Әуезо...
Алматының көлік бағыттарында газбен жүретін «Mercedes-Benz» автобусы тестен өтеді »»
16 ақпан 2018 - 16:51
Немістің «Daimler AG» концерні Алматының тасымалдаушыларына газбен жүретін автобусты көлік бағытттарында тестен өткізуді ұсынды. Жұмыс сапары барысында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек «Евро-6» экологиялық сыныпқа жататын «Mercedes-Benz» маркалы автобустарды көрді. Бұл автобустың басты ерекшелігі,«Daimler AG» коцерні ұтымты газ двигательдерін жасайтын әлемдегі жалғыз компания болып табылады, ал қалғандарының барлығы дизельді двигательдерде газ қондырғыларын п...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13