^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 21 тамыз 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда №56 бағыттағы автобустар жаңарды
05 ақпан 2018

Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, бүгін №56 бағыт бойынша Евро-5 экологиялық сыныптағы жаңа автобустар жолға шықты.

Бұрындары тасымалдаушы қозғалыс жиілігін, интервалды сақтамайтын. Бүгінннен бастап «Сәлем» базары мен «Қазақфильм» ықшам ауданы арасында сыйымдылығы жоғары 16 төмен еденді кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен, пандустармен және басқаларымен жабдықталған көліктер жүреді.

Бұл бағытттың интервалы 5 минут. Көліктің жаңаруы, жиіліктің артуы арқасында бағыттағы жолаушылар легі 3,5 есе артады деп күтілуде.

Еске салсақ, Алматыда №12, 22, 50, 65, 69, 70, 86, 95, 103, 112, 115, 124, 126, 127, 131 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаңарып, №1 бағыт пен №201 магистральды бағыты ашылған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған болатын.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласының қайта жаңғыруы шағын орта бизнестің дамуына қалай әсерін тигізді »»
20 тамыз 2018 - 16:39
Қаланың тарихи орталығын шағын және орта бизнес үшін қайта құру қалай ықпал еткенін алматылық кәсіпкерлер айтып берді. Алматыда жеті айдың қортындысы бойынша кіші және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен салық түсімінің өсуі 37 млрд. теңгеге белгіленді. Сонымен бірге, жалпы көлемнің үлесі 661,2 млрд. теңгені құрай отырып, қазірдің өзінде 60% асып түсті. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жаяу жүргіншілер аймағының трансформациясы трафиктің орта есеппен 30%-ға ұлғаюына, ал дүкендердің айналымы 17%-ға а...
Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы аулалардың жартысынан көбі жөндеуден өтті »»
16 тамыз 2018 - 15:35
Алматы әкімі Бауыржан Байбек күнделікті жұмыс барысында Түрксіб ауданының коммуналдық-шаруашылық инфроқұрылымын қалпына келтіру қарқынын тексерді. Егер өткен жылы мұнда 80 аула жаңартылса, биылғы жылы 130 ауладан асып отыр. Осылайша, тек екі жылда қаланың көне ауданында барлық аулалардың жартысы жаңартылды. Бауыржан Байбек Б.Майлин көшесі мен Сүйінбай даңғылының тұрғындарымен кездесу барысында қала инфроқұрылымды модернизациялау аясында 524 көше мен 800 километр инженерлік жүйелер жөндеуден өткенін айтты....
Алматы әкімшілігі биылғы жылы қоғамдық көліктерді 80% дейін жаңартуды жоспарлауда »»
13 тамыз 2018 - 17:27
Көлік реформалары аясында Алматының қоғамдық көліктерін жаңарту жалғасуда. Қала әкімі Бауыржан Байбектің жұмыс барысында шалғайдағы аудандарды қала орталығымен қосып тұрған №17 және №62 бағыттағы жаңа автобустарды қарап шықты. Бүгінде қаланың автобус паркі 1560 автобусты есепке алды. Жыл аяғына дейін Алматы әкімшілігімен жаңа қоғамдық көліктердің үлесін 80% дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Еске салсақ, егер өткен жылы 479 автобус шыққан болса, оның 80% жергілікті бюджеттен сатып алынды, ал биылғы жылы 569...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13