^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 14 желтоқсан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісімен кездесті
14 ақпан 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Майкл Гиффордпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Мегаполис әкімі Ұлыбританияның иноовациялық даму саласында мол тәжірибе жинақтағанын және Лондон мен мен Манчестердің үлгісі бойынша Алматыда «Smart city» жобасын жүзеге асырудың тиімді екенін атап өтті. Алматы мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымында оң динамика қалыптасқан, 2017 жылы бұрнағы жылмен салыстырғанда 54,7%-ға өсіп, 275 млн. АҚШ долларын құраған.

Өз кезегінде Майкл Гиффорд өзара ынтымақтастықты нығайту барысында тараптар арасында үлкен мүмкіндіктердің бар екенін айтты.

«Мен Қазақстан Президентіне Сенім грамотасын өткен айда тапсырған едім, өзімнің алғашқы жұмыс сапарым бойынша өңірдің жедел дамып келе жатқан мегаполисі ретінде Алматыны таңдадым. Қолға алынған бастамалардың барлығы қаланы жоғары деңгейге көтеретіндігіне сенімдімін және өз тарапымнан екі ел компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың дамуына, білім және мәдени бағдарламалардың қанат жаюына қажетті мүмкіндіктердің барлығын жұмсаймын», - деді Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісі.

Кездесу барысында шетелдік делегацияға инвесторларға «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін Орталықтың,Индустриалды аймақтың, АЭА «Инновациялық технологиялар паркінің» әлеуеті көрсетілді.

Қазіргі кезде Алматыда британдық капиталдың қатысуымен сауда, қаржы, телекоммуникация, құрылыс және басқа салаларда 114 кәсіпорын жұмыс істейді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мәслихат депутаттары Алматының 2019 жылғы бюджетін бекітті »»
14 желтоқсан 2018 - 11:44
Бұрындары бюджет жобасын Қоғамдық кеңес мүшелері мен «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары қараған болатын. Алматыда мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаланың 2019 жылғы бюджеті бекітілді, оның жалпы көлемі 525,2 млрд. теңге. Бюджет «нөлден» жасалды және Мемлекет басшысының Жолдауы мен «Алматы-2020» қалалық бағдарлмасын жүзеге асыруға қатысты қайта құрылды. Қалада келер жылдан бастап бюджеттік бағдарламалар мен драйвер - жобалардың орындалу барысын көрсететін ...
Алматыда BRT желісінде алғашқы электронды таблолар пайда болды »»
13 желтоқсан 2018 - 16:15
Электронды таблоларда бағыт нөмірлері және қоғамдық көліктің бекет кешенінен қашан келетіні туралы ақпараттар болады. Қалалықтар цифрлы жаңалық арқылы Көлік холдингінің операторымен арнайы модуль арқылы байланыса алады. Бұл жоба бюджеттен тыс қаржы есебінен іске асуда. Қоғамдық көлік қозғалысын онлайн-кесте немесе «Оңай» қосымшасы арқылы білуге болады. Бұдан өзге, тамыздан бастап осы қосымшаны пайдаланатындар QR-коды арқылы жол ақысын да төлей бастады. Кезекті жұмыс сапары барысында Алматы әк...
Алматыда қаланың үздік мұғалімдері марапатталды
13 желтоқсан 2018 - 13:26
Алматыда орта білім беретін мекемелердің 100-ден астам мұғалімдері қатысқан «Ұстаз Мәртебесі – Ұлт Мерейі» қалалық конкурсының қорытындысы шығарылды. №159 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Ахметова Алматының «Үздік мұғалімі» атанды, оған жаңадан ашылған №168 мектепте салтанатты түрде автомобильдің кілті тапсырылды. №140 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Нұрғалы Нұрымбетовке отбасылық демалыстың жолдамасы берілді. Бұлардан өзге бірқатар ұстаздарға д...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13