^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 14 желтоқсан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының көлік бағыттарында газбен жүретін «Mercedes-Benz» автобусы тестен өтеді
16 ақпан 2018

Немістің «Daimler AG» концерні Алматының тасымалдаушыларына газбен жүретін автобусты көлік бағытттарында тестен өткізуді ұсынды. Жұмыс сапары барысында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек «Евро-6» экологиялық сыныпқа жататын «Mercedes-Benz» маркалы автобустарды көрді.

Бұл автобустың басты ерекшелігі,«Daimler AG» коцерні ұтымты газ двигательдерін жасайтын әлемдегі жалғыз компания болып табылады, ал қалғандарының барлығы дизельді двигательдерде газ қондырғыларын пайдаланады. Ұзындығы 12 метрлік төмен еденді автобус кондиционермен, пандуспен, инфрақызыл сәулелерді өткізбейтін әйнекпен жабдықталған, оның сыйымдылығы 100 жолаушыдан астам, дыбысы а төмен әрі жүрісі өте биік деңгейде.

«Тәуелсіздік жылдары қалада 20 автопарк жұмыс істегенімен, саланы дамытуға қаржы бөлінбеді, оның басым бөлігі көлеңкелі секторда болды, бірақ қазіргі кезде кемшіліктер жойылып, жауапкершіліктерін жете түсінетін компаниялардың қанат жаюына мүмкіндіктер жасалуда, жариялылық артуда. «Mercedes-Benz» маркалы көліктер барынша сапалы әрі бағасы да жоғары, қалалықтар тиісті сервис болса қоғамдық көлікті пайдалануға ниетті. Сондықтан экономикалық тұрғыдан алғанда компанияның болашағы бар», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Фотография

Қазақстандағы «Daimler AG» концерні ресми дистрибьютерінің өкілі Андрей Кунах Алматыдағы жолаушылар тасымалына неміс өндірушілерінің қызығушылық танытқанын жеткізді.

«Компания қалада оң өзгерістер жасауда, нарық барынша ашық бола бастады әрі қала әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілуде. «Mercedes» автобус тестен өткізу болашақты ынтымақтастықтың бас деп ойлаймын», - деп атап өтті Андрей Кунах.

Фотография

Газбен жүретін автобус үш ай бойына «Алматыэлектротранс» ЖШС қызмет көрсететін №12 бағытта және «Green Bus Company» ЖШС-тің бір бағытында жүретін болады.

«Осы маркідегі автобустар көптеген елдерде жақсы жағынан көінді, өзгелерге қарағанда осы көлікті шығаушыларға ұзақ кепілдік берілуде әрі бұлардың сервистік қызметі де жақсы. Қазіргі кезде біз Алматы жағдайында автобустарды тестілеуден өткізіп, оның қорытындысы бойынша нақтылы шешім шығарамыз. Жылжымалы составты жаңартқан тасымалдаушыларға әкімдік тарапынан субсидия төленетінін, ал газбен жүретін көлік субсидиясы сомасының жоғары болатынын ескерсек, онда «Мерседес» маркалы автобустармен өз автопаркімізді жаңартуды негізгі варианттардың бірі деп білеміз», - деп атап өтті «Green Bus Company» ЖШС директоры Бауыржан Кулишев.

Еске салсақ, Алматыда №12, 22, 50, 56, 65, 69, 70, 86, 95, 103, 112, 115, 124, 126, 127, 131, 137 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаңарып, №1 бағыт пен №201 магистральды бағыты ашылған еді.Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған болатын.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мәслихат депутаттары Алматының 2019 жылғы бюджетін бекітті »»
14 желтоқсан 2018 - 11:44
Бұрындары бюджет жобасын Қоғамдық кеңес мүшелері мен «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары қараған болатын. Алматыда мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаланың 2019 жылғы бюджеті бекітілді, оның жалпы көлемі 525,2 млрд. теңге. Бюджет «нөлден» жасалды және Мемлекет басшысының Жолдауы мен «Алматы-2020» қалалық бағдарлмасын жүзеге асыруға қатысты қайта құрылды. Қалада келер жылдан бастап бюджеттік бағдарламалар мен драйвер - жобалардың орындалу барысын көрсететін ...
Алматыда BRT желісінде алғашқы электронды таблолар пайда болды »»
13 желтоқсан 2018 - 16:15
Электронды таблоларда бағыт нөмірлері және қоғамдық көліктің бекет кешенінен қашан келетіні туралы ақпараттар болады. Қалалықтар цифрлы жаңалық арқылы Көлік холдингінің операторымен арнайы модуль арқылы байланыса алады. Бұл жоба бюджеттен тыс қаржы есебінен іске асуда. Қоғамдық көлік қозғалысын онлайн-кесте немесе «Оңай» қосымшасы арқылы білуге болады. Бұдан өзге, тамыздан бастап осы қосымшаны пайдаланатындар QR-коды арқылы жол ақысын да төлей бастады. Кезекті жұмыс сапары барысында Алматы әк...
Алматыда қаланың үздік мұғалімдері марапатталды
13 желтоқсан 2018 - 13:26
Алматыда орта білім беретін мекемелердің 100-ден астам мұғалімдері қатысқан «Ұстаз Мәртебесі – Ұлт Мерейі» қалалық конкурсының қорытындысы шығарылды. №159 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Ахметова Алматының «Үздік мұғалімі» атанды, оған жаңадан ашылған №168 мектепте салтанатты түрде автомобильдің кілті тапсырылды. №140 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Нұрғалы Нұрымбетовке отбасылық демалыстың жолдамасы берілді. Бұлардан өзге бірқатар ұстаздарға д...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13