^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 17 қаңтар 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі «Оңтүстік» саябағы мен Оқушылар сарайы алдындағы скверді қайта жасау жөніндегі жобаға түзетулер енгізуді тапсырды
30 наурыз 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында қайта жасауға қатысты дайындықтар жүріп жатқан «Оңтүстік- Южный» саябағын аралап көрді. Саябақ Жароков көшесінің шығысы мен Ходжанов көшесінің солтүстігіне қарай 14,2 гектар аумақты алып жатыр.

Қаланың Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Масабаев жоба бойынша жарық көздерін жаңарту, фонтандар жасау, орындықтар мен урналар қою, бұрыннан бар арықтарды жаңарту, сонымен қатар балалар мен спорт алаңдарын, саябақ пермиетріне орай веложолдар жасау қарастырылғанын айтты.

Алайда, мегаполис әкімі заманауи тенденциялар мен тұрғындардың талаптарына сай қолда бар жобаға түзетулер енгізу қажеттігін атап өтті.

«Мұнда халықтың барлық топтарына - сәбидің арбасын сүйреген аналарға, балаларға, тыныштықты қалайтын ересек жандарға демалу жайлы болуы тиіс. Бұл көңіл көтеретін емес, дұрыс демалатын орын, сондықтан асфальтты алаңды қысқартып, бұрыннан бар төте және жіңішке жолдарды қайта жасылдандырып, барынша қолайлы әрі көлеңкелі кеңістік жасаған жөн және үлкен сәулет пішіндегілердің орнына шағын локальді жарық көздерін орнату қажет. Су ішетін фонтандар, стационарлы дәретханалар, ең бастысы иттерді серуендететін арнайы қоршалған алаң болуы міндетті», - деді Бауыржан Байбек.

Алматы әкімі қайта жасаудың басты қағидасы бұрыннан бар жасыл желекті сақтаумен қатар жаңасын қалыптастыру екенін қадап тұрып айтты. Жоғарыда айтылған барлық ұсыныстарды ескере отырып, жобаға тиісті түзетулер енгізу тапсырылды. Жалпы, бұдан былай саябақ аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады.

Жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек Медеу ауданындағы Оқушылар сарайында да болды. Алматы әкімі бұрыннан бар жобаны оңтайландыруды және жасыл желекке тиіспеуді тапсырды. Скверді жаңғырту барысында суару жүйесін жаңарту, көше жарығы бағаналарын жөндеу және басқа да шараларды жүзеге асыру міндеттелді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Есентай өзенінің арналары бекітілуде »»
15 қаңтар 2019 - 15:54
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан Есентай өзенінің арналарын бекіту жұмыстарының қарқынын тексерді. Өйткені, жазда өзен жағалауындағы тротуарларды, спорт алаңдарын абаттандыру және жарық желілерін жүргізу басталады. 4000 ағаш отырғызу жоспарланған. Қазіргі кезде ұзындығы 1,8 км болатын аумаққа тірек қабырғаларын орнату, өзен түбіне темірбетон төсеу және техникалық жолдарды абаттандыру жұмыстарының 65% орындалды. Атқарылған шаралар учаскеде ...
Алматыда полицияның алғашқы фронт-офистері ашылды »»
11 қаңтар 2019 - 14:43
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қылмыстық-түзету мекемелері мен аудандық полиция басқармалары жанынан ашылған сервистік бағыттағы алғашқы фронт-офистерді аралап көрді. Сонымен, Красногорск көшесіндегі қылмыстық-түзету мекемесі жанында алғашқы фронт-офис пайда болды. Бұрындары жазаланушыға келген туыстары мен адвокаттар аталған мекеме алдында сағаттар бойы күтіп тұратын әрі дәретханаға бара алмайтын, күту залы мен жүк сақтау камералары болмайтын. Енді бірыңғай өткізу пункті болып табылаты...
Алматының бір бұрышында «Гагарин» пайда болды
27 желтоқсан 2018 - 20:14
Алматыда фирмалық орындықта отырған скафандрдағы космонавт Юрий Гагариннің бейнеленген инсталляция пайда болды. Әзілге құрылған композиция қоладан жасалған және Гагарин даңғылы мен Абай даңғылының оңтүстігіне орналасқан. Бұрындары жұмыс сапары кезінде қала әкімі Бауыржан Байбек тұрғын үй құрылысы қарқынын тексеріп жүріп, жаңадан салынып жатқан тұрғын кешендерінің ауласынан осыған ұқсас инсталляцияны көріп қалып, толыққанды бейнені жасап, оны Гагарин даңғылына орнатуды тапсырған еді. Бұл арт-объект селфи ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13