^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 26 сәуір 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі «Көкжиектегі» көппәтерлі үйді барынша қысқа мерзімде қалпына келтіруді тапсырды
05 сәуір 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың барлық тиісті қызметтеріне «Көкжитектегі» көппәтерлі үйді өрттен кейін барынша қысқа мерзімде қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді,сонымен қатар тұрғындарды уақытша орналастыруға және олардың мүліктерінің сақталуын қамтамасыз етуге көмектесуді тапсырды.

Қаланың құтқару қызметінің және Жетісу ауданы әкімдігінің күшімен №177 мектепте штаб құрылып, мұнда ұйықтайтын орындар және тамақпен қамтамасыз ету ұйымдпастырылған.

Қазіргі кезде үйдегі электроэнергия, газ және басқа коммуникациялар ажыратылған. Полиция үйді қоршауға алған.

Ертеңнен бастап өрт шығынының көлемін анықтайтын комиссия тексеруді бастайды. Өрттің не себепті болғанын анықтайтын тиісті өрт- техникалық сараптама нәтижесінен соң ғана үй қалпына келтірілуі мүмкін.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматының коммуналдық саласында кадрлық өзгерістер болды »»
24 сәуір 2018 - 19:47
Алматы әкімі Бауыржан Байбек апта сайынғы аппараттық кеңес барысында мегаполистің коммуналдық саласының жаңа басшыларын таныстырды. «Алматы Су» қалалық кәсіпорнының бас директорлығына Ермек Үсенбаев тағайындалды. Өз кезегінде, Қуаныш Бейсенбинов «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің басшысы атанды. Бүгінгі тағайындауға дейін Ермек Үсенбаев Алматы қаласының Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы болған еді. Ол түрлі жылдары Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, &laq...
Алматыда жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары мамырда басталып, тамыз айында аяқталады »»
24 сәуір 2018 - 14:00
Алматыда биыл жазда 12 шақырымнан астам жылу жүйелері қайта жасалады. Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүруде, ал 10 мамырдан қаланың жеті көшесінде көлік қозғалысын сегменттік шектеу басталады. Алдағы уақытта инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарына орай өткен кеңейтілген жиында Алматы әкімі Бауыржан Байбек жайсыздықты барынша азайту үшін уақытша сызбалар арқылы қала тұрғындарын жылы сумен тұрақты қамтамасыз етуді тапсырды. Биылғы жылы жылу жүйелерін модернизациялау жұмыстары Бөгенбай батыр, (Мұқанов/Әйти...
Алматыда салықтың өсуі барысында қала тұрғындарының әлеуметтік қажеттіліктеріне қосымша қаржы бөлінді »»
23 сәуір 2018 - 14:55
VI-ші шақырылымдағы қала мәслихатының ХXVII—ші сессиясы барысында Мемлекетт басшысының Жолдауы мен Бес әлеуметтік бастамаларын ескере отырып Алматы қаласының 2018 жылғы бюджеті нақтыланды. Бюджетті оңтайландыру жұмыстарын жүргізу және салық түсімінің артуы арқасында қосымша 64,7 млрд. теңге қарастырылды. Алматы бюджеті маңызды жобаларды ескере отырып, барынша әлеуметтік сипатқа ие болуда. Мысалы, «Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы» аясында жастарға қолдау көрсету мен «Алматы жа...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13