^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 17 қазан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының автомобиль жолдары басқармасы алынған әр бордюр үшін есеп береді
06 сәуір 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кеңейтілген кеңес өткізді, оның барысында мердігерлік ұйымдар мегаполисте алдағы уақытта жолдарды жөндеудің нақтылы мерзімі мен көлемі көрсетілген жаңарған жоспарды ұсынды.

Қала басшысы кеңеске қатысушылардың назарын тұрғындарға қолайлы болу үшін жұмысты барынша сапалы әрі қысқа мерзімде аяқтауға аударды. Қазірдің өзніде барлық мердігерлік ұйымдар арнайы жасалған қоршауларды алды. Әр обьектіде мердігер - компания директорнының, жұмысқа техникалық бақылау жасайтын және аяқталу мерзімін қадағалайтын ұйымдардың байланыстары көрсетілген паспорт орнатылады.

Қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов әр ақаулы көше бойынша бордюрлер санының анықталғандығын және олардың дені дұрыс екенін, жасалған бұл акт кейін Наурызбай және Алатау аудандарына берілетінін айтты.

«Биылғы жылы жөнделетін әр көше бойынша біз ақау актісін жасадық. Бұлардағы алынып қалған бордюрлер қайта қолданылады, яғни тротуарлар, пандустар және биыл жөндеу жұмыстары қарастырылмаған көшелер үшін пайдаланылады. Барлдық тиісті ақпарат әкімдіктің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауының порталында жарияланады» - деді ол.

Мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша аудандық әкімдіктер жүргіншілерге қиындық туғызатын түрлі құрылыстар жаулап алған тротуарларды тексерді. Стихиялы тұрақтың алдын алу және жүргінші қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қозғалыс қысқарып, тротуарлар абаттандырылады.

Еске салсақ, Алматыда 2018 жылы ұзындығы 155 шақырым болатын 157 көше жөнделеді. Мақатаев, Байтұрсынов және Жароков көшелеріндегі трамвай жолдарын алып тастау қарастырылған. Жол жиегіндегі тротуарлар абаттандырылады, арық науалары жаңарады, қажет емес конструкциялар алынады, айнала жасылдандырылады, бұған қоса тұрақ қалталары қиғаштанады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда жарық көздерінің ескі бағаналары қайда жіберілуде »»
12 қазан 2018 - 11:19
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қаланың жарық көздерінің жүйесін жаңарту және мегаполистің маңызды тарихи нысандарын жарықпен архитектуралық нұрландыру жұмыстарын тексерді. Биылғы жылы қайта жаңарған Абай, Абылай хан және Назарбаев даңғылдарында диодты жарық көздері бар 700-тен астам жарық бағаналары ауыстырылды, бұл шамдар энергияның жұмсалуын 30%-ға қысқартады және ұзақ мерзімді. Алынған ескі бағаналар бұрын ешқандай жарық көздері болмаған Алатау ауданының 15 көшесіне орнатылады. Қазі...
«Алматы-1» теміржол вокзалының айналасы қалай өзгерді »»
11 қазан 2018 - 16:43
Жұмыс сапары кезінде Түрксіб ауданын аралаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек реконструцияланған «Алматы-1» теміржол вокзалының айналасын және вокзал алдындағы көлік қозғалысын ұйымдастырудың сызбасын көрді. Вокзалдың алдындағы жаңарған алаңға бұрынғы ескі асфальттың орнына тротуар плиткасы төселген, жасыл желек аумағы кеңейген, 40-тан астам ағаш отырғызылған. Кіші пішінді архитектуралық формалар қойылып, Әліби Жангелдин ескерткішінің сырты жаңарған. Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында вид...
Президенттің Жолдауы Алматыда қалай орындалады
10 қазан 2018 - 19:38
Алматы әкімдігінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауының қалай орындалатыны туралы айтылды. Ол үшін мегаполис басшылығы білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй салаларын сапалы дамыту және қалалықтар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында 100-ден астам арнайы шаралар енген қалалық жоспар қабылдады. Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала активімен кездесуде Елбасы жүргізіп отырған экономикалық тұ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13