^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 17 қаңтар 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Мемлекет басшысының тапсыруы бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерін мерейлі 100 жасқа толуымен құттықтады
09 мамыр 2018

Мемлекет басшысының тапсыруы бойынша Алматы әкімі Бауыржан Байбек Ұлы Отан соғысының ардагері Әдіш Әбдірайымовты мерейлі 100 жасқа толуымен құттықтады.

Әдіш атаның өзі айтқандай, ол 1918 жылы 9 мамырда туылған. 1938 жылы Харьков фармацевтика институтына түседі, ал 1941 жылы Оңтүстік-Шығыс майданы 173-ші атқыштар дивизиясының жауынгері атанады.

Бергедорфтегі тұтқындық және Нойенгамме концлагеріндегі қиыншылықты бастан өткерген Әдіш Әбдірайымов үйіне тек 1947 жылы оралады.

1952 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін «биолог» мамандығы бойынша бітіріп шығады. Оқудан соң тәжірибе станциясының зертхана меңгерушісі болады және Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі Мақтарал ауданында мақтаның жаңа сорттарын шығарумен айналысады.

Бүгінгі күні Әдіш атаның төрт баласы, үш немересі және бір шөбересі бар.

«Мен барлықтарыңызды бүгінгі ерекше мерекемен құттықтаймын. Жер бетіндегі барлық адамдарға денсаулық, бақыт және өзара түсіністік тілеймін. Ең бастысы – аспанымыз ашық, адамдар бақытты ғұмыр кешуде. Қазіргі кезде Елбасымен бірге біздің халқымыз өзара достық пен келісімде бейбіт өмір сүруде. Қазақстан әрқашан гүлдене берсін, сіздердің ұрпақ соғыс пен оның зардабын ешқашан көрмесін және тартпасын», - деп атап өтті Әдіш Әбдірайымов.

Еске салсақ. бүгін Алматыда Мемлекет басшысы құрметті қарауылмен бірге Даңқ Мемориалы жанындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды және бір минуттік үнсіздікпен Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске алды.Нұрсұлтан Назарбаев соғыс ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен кездесті, олардың арасында Әдіш Әбдірайымов та болды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Есентай өзенінің арналары бекітілуде »»
15 қаңтар 2019 - 15:54
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан Есентай өзенінің арналарын бекіту жұмыстарының қарқынын тексерді. Өйткені, жазда өзен жағалауындағы тротуарларды, спорт алаңдарын абаттандыру және жарық желілерін жүргізу басталады. 4000 ағаш отырғызу жоспарланған. Қазіргі кезде ұзындығы 1,8 км болатын аумаққа тірек қабырғаларын орнату, өзен түбіне темірбетон төсеу және техникалық жолдарды абаттандыру жұмыстарының 65% орындалды. Атқарылған шаралар учаскеде ...
Алматыда полицияның алғашқы фронт-офистері ашылды »»
11 қаңтар 2019 - 14:43
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қылмыстық-түзету мекемелері мен аудандық полиция басқармалары жанынан ашылған сервистік бағыттағы алғашқы фронт-офистерді аралап көрді. Сонымен, Красногорск көшесіндегі қылмыстық-түзету мекемесі жанында алғашқы фронт-офис пайда болды. Бұрындары жазаланушыға келген туыстары мен адвокаттар аталған мекеме алдында сағаттар бойы күтіп тұратын әрі дәретханаға бара алмайтын, күту залы мен жүк сақтау камералары болмайтын. Енді бірыңғай өткізу пункті болып табылаты...
Алматының бір бұрышында «Гагарин» пайда болды
27 желтоқсан 2018 - 20:14
Алматыда фирмалық орындықта отырған скафандрдағы космонавт Юрий Гагариннің бейнеленген инсталляция пайда болды. Әзілге құрылған композиция қоладан жасалған және Гагарин даңғылы мен Абай даңғылының оңтүстігіне орналасқан. Бұрындары жұмыс сапары кезінде қала әкімі Бауыржан Байбек тұрғын үй құрылысы қарқынын тексеріп жүріп, жаңадан салынып жатқан тұрғын кешендерінің ауласынан осыған ұқсас инсталляцияны көріп қалып, толыққанды бейнені жасап, оны Гагарин даңғылына орнатуды тапсырған еді. Бұл арт-объект селфи ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13