^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 25 мамыр 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Қазақстан Президенті Даңқ мемориалына гүл шоғын қою рәсіміне қатысты
09 мамыр 2018

Мемлекет басшысы Құрметті қарауылдың сап түзеуімен Даңқ мемориалындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, бір минуттық үнсіздікпен Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың рухына тағзым етті.

Елбасы ардагерлер мен рәсімге қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде қазақстандықтардың фашистік басқыншыларды жеңуге зор үлес қосқанын ерекше атап өтті.

– Қазақстан майданға 1 миллион 800 мыңнан астам жауынгер аттандырды. Солардың жартысы қайтып оралмады. Олар соғыста ерен ерлік көрсетті. 500 отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанды. Тыл еңбеккерлері майданды қарумен, азық-түлікпен және керек-жарақпен қамтамасыз ету үшін күндіз-түні тынымсыз жұмыс істеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті сұрапыл соғысты көрмеген қазіргі ұрпақтың бақытты екенін айтты.

– Біздің аталарымыз революция мен репрессияны, ал әкелеріміз Ұлы Отан соғысын бастан өткерді. Тек біздің ұрпақ қана бейбіт заманда өмір сүруде. Бұған ардагерлеріміздің қосқан үлесі зор. Сіздерге алғысымыз шексіз! – деді Мемлекет басшысы.

Рәсім соңында Елбасы соғыс және еңбек ардагерлерімен еркін әңгімелесті.

– Сіздер жанымызда болсаңыздар, біздер – балаларыңыз бен немерелеріңіз өзімізді алаңсыз сезінеміз. Ерліктеріңізді үлгі-өнеге тұтып, сіздерден қайсарлықты, Отанымыздың патриоты болуды, Атамекенді сүюді, сондай-ақ Отанымыз үшін қасық қанымыз қалғанша күресіп, сүйікті Қазақстанымыз үшін жанымызды құрбан етуді үйренеміз. Қымбатты достар, баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, табыс және бар жақсылықты тілеймін! – деді Қазақстан Президенті.

Майдангерлер Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше ілтипаты мен қамқорлығы үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Akorda.kz
  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы мен Дания көлік, денсаулық сақтау және энергетика салаларында ынтымақтастық орнатуда »»
24 мамыр 2018 - 15:32
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Дания Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Томас Винклермен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Бүгінгі күні Дания экономикасы әлемдегі нағыз «жасылдардың» бірі болып табылады, ал Копенгаген «Смарт сити» рейтингінде бірінші орында тұр. Томас Винклер өзінің сөзінде туризм саласының әлеуеті жоғары екенін, даттардың Орта Азияға үлкен қызығушылық танытатынын, ал Алматы өңірді тер...
Алматы әкімі қаланың көлік және жүргінші инфрақұрылымы құрылысының барысын тексерді »»
24 мамыр 2018 - 13:33
Күн сайынғы жұмыс сапары кезінде Бауыржан Байбек Алматының көлік және жүргінші инфрақұрылымы құрылысының барысын тексерді. Мегаполис басшысы бірнеше сағат ішінде Абай, Байтұрсынов, Асқаров, Гагарин көшелерін аралап шығып, оларды одан әрі көріктендіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Айдың соңына дейін Гагарин даңғылын Әл-Фарабиден Тимирязев көшесіне дейін қайта жасау аяқталады. Ұзындығы 3 шақырымнан асатын жаңарған жолмен қатар жүргінші тротуарлары абаттандырылып, арық желілері салынады. Пайдаланылмайт...
Алматының Орталық саябағы қайта жаңарады
22 мамыр 2018 - 12:19
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында Орталық мәдениет және демалыс саябағының айналасын қарап шықты. Басқарушы компания 1,6 млрд. теңге жеке инвестиция бөлінген реконструкцияның кешенді жоспарын көрсетті. Жаңарған саябақ аймақтарға бөлінеді, мұнда тегін скейтодром, воркаут және командалық ойындар алаңдары бар спорт аумағы, балалардың жаңа қалашығы пайда болады. Жаңа әрі заманауи аттракциондар жасалады. Таяу арада тротуарларды жөндеу басталады, жарық көздері орнатылып, фонтандар жаңарады. З...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13