^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 16 қазан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда тоғыз жаңа фонтан салынады
11 мамыр 2018

Жайлы қала кеңістігін қалыптастыру мақсатында биылғы жылы бұрынғы жеті субұрқақты қайта жөндеу және тоғыз жаңа фонтан салу жоспарланған. Алматы әкімі Бауыржан Байбек бұрындары қаланың тарихи орталығын жаңарту барысында ескерусіз қалған фонтандарды қалпына келтіру бойынша тапсырма берген еді.

Ұлттық кітапхана, «Жетісу» қонақүйі, Абылай хан мен Шевченко көшелерінің қиылысындағы және басқа да жерлердегі бұрыннан бар субұрқақтарды қайта жасау жоспарланған. Жаңа фонтандар Абай, Назарбаев, Абылай хан даңғылдары мен Гоголь, Жібек Жолы, Маметова және Райымбек көшелерінің арасына салынады.

Бассейн ыдысы сияқты дәсүрлі фонтандармен қатар «құрғақ субұрқақтар» да іске қосылуда, мұнда айналмалы су жүйесі, судың биіктігі ескерілген. Түрлі прожекторлар арқылы галогенді және жүзгіш шырақ сынды жарық көздері орнатылады.

Айта кетерлігі, бұрын қайта жаңарған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңына қоса биылғы жылы мегаполистің бірқатар даңғылдары да жаңарады.

Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланың барлық аудандарында абаттандыру жұмыстары жүруде. Егер өткен жылы 455 аула жаңарса, 2018 жылы қосымша 585 аула модернизацияланады.

Жалпы, соңғы жылдары мегаполисте 180 км жол және 700 км инженерлік желілер салынып, жөнделді, бірқатар жолайрықтарының құрылыстары жүруде, магистралды көшелер үңгіленуде. Биылғы жылы ұзындығы 155 км болатын 157 көше мен 30 шақырымнан асатын жүргінші тротуарларын жөндеу жоспарланған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда жарық көздерінің ескі бағаналары қайда жіберілуде »»
12 қазан 2018 - 11:19
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қаланың жарық көздерінің жүйесін жаңарту және мегаполистің маңызды тарихи нысандарын жарықпен архитектуралық нұрландыру жұмыстарын тексерді. Биылғы жылы қайта жаңарған Абай, Абылай хан және Назарбаев даңғылдарында диодты жарық көздері бар 700-тен астам жарық бағаналары ауыстырылды, бұл шамдар энергияның жұмсалуын 30%-ға қысқартады және ұзақ мерзімді. Алынған ескі бағаналар бұрын ешқандай жарық көздері болмаған Алатау ауданының 15 көшесіне орнатылады. Қазі...
«Алматы-1» теміржол вокзалының айналасы қалай өзгерді »»
11 қазан 2018 - 16:43
Жұмыс сапары кезінде Түрксіб ауданын аралаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек реконструцияланған «Алматы-1» теміржол вокзалының айналасын және вокзал алдындағы көлік қозғалысын ұйымдастырудың сызбасын көрді. Вокзалдың алдындағы жаңарған алаңға бұрынғы ескі асфальттың орнына тротуар плиткасы төселген, жасыл желек аумағы кеңейген, 40-тан астам ағаш отырғызылған. Кіші пішінді архитектуралық формалар қойылып, Әліби Жангелдин ескерткішінің сырты жаңарған. Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында вид...
Президенттің Жолдауы Алматыда қалай орындалады
10 қазан 2018 - 19:38
Алматы әкімдігінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауының қалай орындалатыны туралы айтылды. Ол үшін мегаполис басшылығы білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй салаларын сапалы дамыту және қалалықтар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында 100-ден астам арнайы шаралар енген қалалық жоспар қабылдады. Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала активімен кездесуде Елбасы жүргізіп отырған экономикалық тұ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13