^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 17 қаңтар 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда барлық базарлар жаңарады
15 мамыр 2018

Сауданы заманауи форматқа көшіру және салық түсімінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мегаполистің барлық базарлары жаңаратын болады.

Бүгінгі күні еліміздің ең ірі қаласында 57 базар жұмыс істейді. Соңғы бес жыл ішінде қала басшылығы «қызыл жиекке» орналасқан, санитарлық нормалар мен мегаполистің архитектуралық келбетіне сай келмейтін 20-дан астам базарды жойды. Қазіргі кезде олардың орнына жүргінші аймақтары, қоғамдық көлік үшін кеңейтілген жолдар, жер үсті өтпелі жолдар пайда болды.

Дегенмен, қалада әлі де болса сауданың кішігірм талаптарына жауап бермейтін базарлар бар, ал кәсіпкерлер контейнерлер мен дүңгіршіктерде жұмыс жасауда. Қаланы одан әрі дамыту үшін мұндай базарлар алынуы тиіс. Жуырда ғана «Кар Сити» сауда орталығы алдындағы 100-ден астам сауда мен қоғамдық тамақтану нүктелері жойылды. «Рахат» базары маңын жалға беру мерзімі аяқталысымен оның айналасына қалалықтар үшін аллея жасау жоспарланған.

«Қазіргі кезде 16 базарды жаңарту жұмыстары жүзеге асты, олардың меншік иелері 16 миллирдтан астам инвестиция бөлді. Жыл аяғына дейін тағы да алты базар реконструкцияланады. Бесеуі модернизациялануда және жаңарту жұмыстары келер жылы аяқталады», - деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала басшылығы базарларды модернизациялаудың бірқатар нақтылы шарттарын белгіледі, яғни оларда стационарлық нысан міндетті түрде салынуы, обьктілердің барлығы санитарлық -эпидемиологиялық нормаларға, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай және көлік тұрағының болуы, еліміздің салық заңдылығы қатаң сақталуы тиіс, сонымен қатар кәсіпкерлер тіркеуден өтіп, POS-терминалдар мен кассалық аппараттардың болғаны жөн.

Базарларды модернизациялау қазірдің өзінде тиімді болуда. Соңғы жылда көтерме-бөлшек сауда айналымы қалада 3,4%-ға артып, 12,8 трлн. теңгені құрады. Бұған сауда алаңын мен сауда орындарының санын ұлғайту және кәсіпкерлер жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету арқасында қолжетті.

Айта кетерлігі, Алматыда биылғы жылы қолайлы қала кеңістігін жасау мақсатында бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары жаңарады. Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланың барлық аудандарында 600 аула қайта жасалып, ұзындығы 155 км болатын 157 көше жөнделеді және 30 шақырымнан асатын жүргінші тротуарлары салынады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Есентай өзенінің арналары бекітілуде »»
15 қаңтар 2019 - 15:54
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан Есентай өзенінің арналарын бекіту жұмыстарының қарқынын тексерді. Өйткені, жазда өзен жағалауындағы тротуарларды, спорт алаңдарын абаттандыру және жарық желілерін жүргізу басталады. 4000 ағаш отырғызу жоспарланған. Қазіргі кезде ұзындығы 1,8 км болатын аумаққа тірек қабырғаларын орнату, өзен түбіне темірбетон төсеу және техникалық жолдарды абаттандыру жұмыстарының 65% орындалды. Атқарылған шаралар учаскеде ...
Алматыда полицияның алғашқы фронт-офистері ашылды »»
11 қаңтар 2019 - 14:43
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қылмыстық-түзету мекемелері мен аудандық полиция басқармалары жанынан ашылған сервистік бағыттағы алғашқы фронт-офистерді аралап көрді. Сонымен, Красногорск көшесіндегі қылмыстық-түзету мекемесі жанында алғашқы фронт-офис пайда болды. Бұрындары жазаланушыға келген туыстары мен адвокаттар аталған мекеме алдында сағаттар бойы күтіп тұратын әрі дәретханаға бара алмайтын, күту залы мен жүк сақтау камералары болмайтын. Енді бірыңғай өткізу пункті болып табылаты...
Алматының бір бұрышында «Гагарин» пайда болды
27 желтоқсан 2018 - 20:14
Алматыда фирмалық орындықта отырған скафандрдағы космонавт Юрий Гагариннің бейнеленген инсталляция пайда болды. Әзілге құрылған композиция қоладан жасалған және Гагарин даңғылы мен Абай даңғылының оңтүстігіне орналасқан. Бұрындары жұмыс сапары кезінде қала әкімі Бауыржан Байбек тұрғын үй құрылысы қарқынын тексеріп жүріп, жаңадан салынып жатқан тұрғын кешендерінің ауласынан осыған ұқсас инсталляцияны көріп қалып, толыққанды бейнені жасап, оны Гагарин даңғылына орнатуды тапсырған еді. Бұл арт-объект селфи ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13