^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 10 желтоқсан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда 1931-1933 жылдарғы ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
31 мамыр 2018

Бүгін Алматыда 1931-1933 жылдарғы ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, аталған шараға қоғам қайраткерлері, репрессия мен ашаршылық құрбандарының ұрпақтары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және қала жастары қатысты.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасымен қала орталығында ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылғанын, онда қолына арып-ашқан, өлімші хәлдегі баласын ұстаған ана бейнесіндегі қазақ халқының ауыр тағдыры бейнелегенін атап өтті.

«Тарихтың шерлі үнін жеткізген бұл ескерткіш – қаламыздың киелі нысандар тізіміне енді. Бұл – Елбасы атап өткендей, «ашаршылықта құрбан болған миллиондардың рухына бүгінгі буыннан тағзым және келер ұрпақ ата-бабаларының қандай қасіреттерді бастан өткергенін біліп жүруіне қажет тағылым», - деді Бауыржан Байбек.

Ол сол бір қасіретті жылдары қазақ халқының өз еңсесін тік көтеріп қана қоймай, қазақ топырағына жер аударылған өзге ұлт өкілдерін бауырына тартып, қамқорлығына алғанын атап өтті.

«Ал бүгін, біз ең құнды байлығымыз Тәуелсіздігімізді алып, сөнуге айналған шырағымызды қайта жақтық. Бір шаңырақтың астында 100-ден астам ұлыстар ұйысқан Қазақстан – бейбітшілік пен бірліктің мекеніне айналды. Кешегі арыстарымыздың асыл арманы орындалып, ел тұтқасын ұстаған Елбасы мен еңселі елордасы бар әлем таныған қуатты ел болдық», - деп атап өтті Алматы әкімі.

Еске салсақ, «Қарағайлы» скверінде 1931-1933 жылдарғы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылған болатын. Биіктігі үш метрлік қола мен граниттен құйылған скульптрде аштықтан өлімші болған баласын кеудесіне басқан ана бейнеленген. Қазақстанда 1918 жылдан 1933 жылдар ішінде түрлі мәліметтер бойынша үш миллионнан астам адам жаппай қырылған, соның ішінде 1931 жылдан 1933 жыл аралығында 1 млн. 700 мыңға жуық адам құрбан болған. 1937-1938 жылдары 100 мыңнан астам қазақстандық құрбандыққа ұшыраған.

Қалада өткен жылы бірқатар көшелерге ұлтымыздың мақтанышына айналған батырлардың, ақындардың, жазушылардың есімдері берілді. Олардың арасында Смағұл Сәдуақасұлы, Телжан Шонанұлы, Жанша Досмұхамедов, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағанбетов, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, Әмина Өмірзақова, Мақаш Тәтімов, Герольд Бельгер бар.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі қаланың үздік педагогтарын марапаттады »»
01 желтоқсан 2018 - 15:46
Алматыда тәуелсіздік жылдары Мемлекет басшысының қолдауы арқасында 117 оқу орындары салынды. Тек соңғы бес жыл ішінде ғана мегаполисте білім саласын қаржыландыру 37%-ға өсті немесе 27 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың педагогтар қауымдастығымен кездесу кезінде айтты. Оның үстіне бүгінгі күні білім саласының инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылуда. Тек биылғы жылдың өзінде ғана құрылыс пен күрделі жөндеу жұмыстарына 17 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаланың ү...
Алматыда «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауы жаңарды »»
01 желтоқсан 2018 - 15:18
Алматыда ел Президентінің Жастар жылын жария етуі қарсаңында «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Байбек бірлестіктің жаңа мүшелеріне партия билеттерін тапсырды, олардың арасында денсаулық сақтау, мәдениет салалары мен бизнестің, спорттың жас өкілдері бар. Дәл сол күні Алматы әкімі «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының жаңарған қоғамдық қабылдауын көрді. «Кез келген қала, кез келген ел халықтан құралады. Алматы дегеніміз не? Бұл үйлер, жол айрықтары емес,...
Алматыда жаңа тегін мұз айдындары ашылуда
30 қараша 2018 - 20:43
Алматыда жаңа тегін мұз айдындары ашылуда, мұнда қала тұрғындары мен қонақтары тәулігіне 24 сағат бойына тегін сырғанай алады. Олардың алғашқысы бүгін кешкісін Атакент алдындағы алаңда, Белканың жанында іске қосылды. Қаланың әртүрлі бөліктерінде бірнеше мұз айдындары ертең жұмысын бастайды. Барлық мұз айдындарында нұсқаушылар жұмыс істейді, олар сырғанаушыларға тегін кеңес береді. Мұз айдындары жанында конькилер жалға беріледі және тамақтану аймақтары бар, олар таңғы сағат 10:00 ден түнгі 22:00-ге дейін...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13