^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 10 желтоқсан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздері күні мерекеленуде
04 маусым 2018

Салтанатты шара барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстаннның мемлекеттік Рәміздері Отанымыздың тарихы мен дәстүрін және халқымыздың қайталанбас ерекшелігі мен ұлылығын паш ететінін атап өтті.

«Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Президенттің барлық бағдарламалары мен реформалары қарапайым қазақстандықтарға, ең алдымен жастарға бағытталды. Биылғы жылы жарияланған Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» жас отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға, студенттік жатақханалар мәселесін шешуге, сапалы жоғары білім алуға кең мүмкіндік береді. Осынау базалық басты негіздер әрбір жас адамның өз әлеуетін жүзеге асыруға, табысқа жетуіне жол ашады», - деп атап өтті мегаполис басшысы.

Айта кетерлігі, биылғы жылы қалада жастарға арналған қалалық «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы одан әрі жалғасатын болады. Жас отбасылар алғашқы жарнасыз 5%-дық несиемен пәтер алулары үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінді. Жеке бала бақшаларда 3 мыңдай балаға мектеп жасына дейінгі білім беру үшін мемлекеттік тапсырыс ұлғайып, 850 млн. теңге бөлінді. Қарт адамдарды мегаполистегі белсенді өмірге тарту үшін аға ұрпаққа арналған «Белсенді ұзақ өмір» арнайы бағдарламасы жасалды.

Мемлекеттік Рәміздер күні құрметіне «Халык Арена» мұз кешенінің сахнасында әскери оркстрлер ұжымдары мен қазақ эстрада жұлдыздары, соның ішінде Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаева, Әли Оқапов және басқалары өнер көрсетті. Бүгін Панфилов көшесі бойымен Абай атындағы опера және балет театрынан Жібек жолы көшесіне дейін оркестрлердің мерекелік шеруі өтеді.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі қаланың үздік педагогтарын марапаттады »»
01 желтоқсан 2018 - 15:46
Алматыда тәуелсіздік жылдары Мемлекет басшысының қолдауы арқасында 117 оқу орындары салынды. Тек соңғы бес жыл ішінде ғана мегаполисте білім саласын қаржыландыру 37%-ға өсті немесе 27 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың педагогтар қауымдастығымен кездесу кезінде айтты. Оның үстіне бүгінгі күні білім саласының инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылуда. Тек биылғы жылдың өзінде ғана құрылыс пен күрделі жөндеу жұмыстарына 17 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаланың ү...
Алматыда «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауы жаңарды »»
01 желтоқсан 2018 - 15:18
Алматыда ел Президентінің Жастар жылын жария етуі қарсаңында «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Байбек бірлестіктің жаңа мүшелеріне партия билеттерін тапсырды, олардың арасында денсаулық сақтау, мәдениет салалары мен бизнестің, спорттың жас өкілдері бар. Дәл сол күні Алматы әкімі «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының жаңарған қоғамдық қабылдауын көрді. «Кез келген қала, кез келген ел халықтан құралады. Алматы дегеніміз не? Бұл үйлер, жол айрықтары емес,...
Алматыда жаңа тегін мұз айдындары ашылуда
30 қараша 2018 - 20:43
Алматыда жаңа тегін мұз айдындары ашылуда, мұнда қала тұрғындары мен қонақтары тәулігіне 24 сағат бойына тегін сырғанай алады. Олардың алғашқысы бүгін кешкісін Атакент алдындағы алаңда, Белканың жанында іске қосылды. Қаланың әртүрлі бөліктерінде бірнеше мұз айдындары ертең жұмысын бастайды. Барлық мұз айдындарында нұсқаушылар жұмыс істейді, олар сырғанаушыларға тегін кеңес береді. Мұз айдындары жанында конькилер жалға беріледі және тамақтану аймақтары бар, олар таңғы сағат 10:00 ден түнгі 22:00-ге дейін...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13