^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 23 қыркүйек 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда тамыздан бастап бірқатар көшелерге біржақты көлік қоғалысы енгізіледі
05 шілде 2018

Алматыда көлік қозғалысының Кешенді сызбасын ұйымдастыру аясында кіші көлік айналымы шекарасындағы Жамбыл, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Гоголь, Мұратбаев және Шәріпов көшелеріне біржақты көлік қозғалысы енгізіледі.

Мысалы, Мақатаев көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Мұканов көшесіне дейін батыс бағытта. Гоголь көшесі бойымен Әуезов көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейін шығыс бағытта.

Бөгенбай батыр көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Масанчи көшесіне дейін шығыс бағытта.

Қарасай батыр көшесі бойымен батыс бағытта Масанчи көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін. Жамбыл көшесі бойымен шығыс бағытта Розыбакиев көшесінен Масанчи көшесіне дейін.

Мұратбаев көшесі бойымен Райымбек даңғылынан Шевченко көшесіне дейін оңтүстік бағытта. Шәріпов көшесі бойымен Абай даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін солтүстік бағытта.

Бұл шара кереғар нүктелерді 50% азайтуға, апатты жағдайларды қысқартуға, негізгі магистральды көшелерде көлік жүктемесін төмендетуге ықпал етеді. Аталған учаскелерде орташа жылдамдықты 12 км/сағатқа арттыру өткізу жолға кететін уақытты орташа 17%-ға қысқартып, өткізу қабілетін жақсартады.

Гоголь, Мақатаев және Қабанбай батыр көшелері бойында жолаушылар көліктері үшін арнайы жолақ жасалады, соның арқасында (сызбада көрсетілгендей) кедергісіз көлік қозғалысы қамтамасыз етіледі.

Айта кетерлігі, қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жылдамдықты төмендету ісі қолға алынды, соның арқасында жоғарыда аталған учаскелерде жоғары жылдамдық 40 км/сағат. Көлік қозғалысының жаңа сызбасы биылғы жылдың 5 тамызында енгізіледі.

Еске салсақ, өткен жылы біржақты көлік қозғалысы Шевченко және Құрманғазы көшелеріне енгізілген еді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда тағы бірнеше бағыттардың автобустары жаңарды »»
21 қыркүйек 2018 - 14:54
Алматыда көлікті реформалау және жолаушы көлігінің тұрақты жүйесін қалыптастыру аясында жылжымалы составты жаңарту одан әрі жалғасуда. Алматы әкімі жұмыс сапары кезінде жеке тасымалдаушылар алған бірқатар бағыттарды, соның ішінде қалаға жақын аумақтарды қамтитын жаңа автобустарды көрді. «Бұрындары біз 20 жыл бұрын алынған ескі автобустармен жұмыс істедік, соның салдарынан қозғалыс кестесі сақталмайтын, жолаушылар реніш білдіретін. Қазіргі кезде жеке қаржымызға жалпы сыйымдылығы 70 адамға дейін жетет...
Алматы әкімі ГФР-ның сыртқы істер министрімен кездесті »»
18 қыркүйек 2018 - 18:27
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Германия Федеративтік Республикасының сыртқы істер министрі, бундестаг депутаты Нильс Анненмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар мәселелерін талқылады. Мегаполис басшысы Алматы қаласы мен Германия арасындағы тауар айналымының оң динамикаға ие екендігін жеткізді. Алматыда немістің «ақылды» технологиясы мен инновациялық құрылымдарына, сонымен қатар германдық бизнесті қала экономикасына тартуға қызығушылықтың үлкен екенін айтт...
Алматыда жылыту маусымына дайындық аяқталуда
17 қыркүйек 2018 - 15:03
Алматы әкімі алдағы жылыту маусымына қатысты көшпелі кеңес өткізді. Қалада биылғы жылы 12 км жылу желісі, 23 км электр желісі, 283 км су құбыры мен 267 км кәріз жүйесі қайта жасалды. Мегаполис басшысы жұмыс сапары барысында 5 км жылу желісі реконструкцияланған Төле би көшесі бойындағы учаскені аралап көріп, оның маңын аббаттандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Алматының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлімдегендей, қаланың орталық бөлігін жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін Төле ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13