^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 21 қараша 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда бірден бірнеше маңызды объектілерге архитектуралық жарықтар орнатылды
05 шілде 2018

Алматыда қаланың маңызды объектілеріне архитектуралық жарық беру жұмыстары жалғасуда. Кешке қарай мегаполистегі Ықылас атындағы халық аспаптары музейі, Офицерлер үйі, 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ Мемориалы мен Бауыржан Момышұлының ескерткіші, Жамбыл атындағы республикалық филармония мен Қазақ мемлекеттік циркінің ғимараттары түнгі жарықтар нұрына бөленді.

Қазіргі кезде архитектуралық жарық көздері көптеген мегаполистерде қолданылады, олар әр көрнекі орындарды айшықтай түсіп, кешкі серуен кезінде қолайлы жағдай туғызады. Өз кезегінде заманауи энергияжинақтаушы технологиялар электроэнергиясын үнемдеп, жарық көздерінің ұзақтығын қамтамасыз етеді.

Алматыда соңғы екі жылда қала ғимараттарын, нысандары мен ландшафтарын кешкі және түнгі нұрландырудың бірыңғай архитектуралық стилін қалыптастыру барысында 120-дан астам маңызды архитектуралық объектілерге көмескі жарық көздері орнатылды.

Олардың арасында Тәуелсіздік Монументі, «Қазақстан» қонақ үйі, «Көктөбе» телемұнарасы, Абай атындағы опера және балет театры, Республика Сарайы, Әуезов атындағы театр, Қастеев атындағы музей, Орталық мешіт, Свято-Вознесенский кафедралды соборы және басқа да маңызды ғимараттар бар.

Алматының бір стильдегі архитектуралық жарық көздері бюджеттен тыс қаржы көздері арқылы жүзеге асуда.

Айта кетерлігі, Алматыда биылғы жазда 157 көше жөнделеді, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары түгелдей жаңарады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі қаланың коммуналдық қызметінің алдағы қысқа дайындығын тексерді »»
12 қараша 2018 - 11:53
Бауыржан Байбек мегаполистің барлық аудандарына қала тұрғындарының қарды уақтылы тазарту және өзге де өтінімдеріне шұғыл назар аудару үшін «жедел» желі мен учаске бастықтарының, аудан әкімдері орынбасаларының байланыс нөмірлері жазылған ақпараттық стенд орнатуды тапсырды. Бұл ақпарат Алматы тұрғындарына қолжетімді болу үшін Ғаламтор желісіне ашық түрде жарияланады. Алматы көшелерін реконструкциялау аясында және «Қала адамдар үшін» концепциясын жүзеге асыру барысында коммуналды қызм...
Алматылықтар 2019 жылы қандай субұрқақтарды көре алады »»
09 қараша 2018 - 12:31
Алматыда жайлы қала кеңістігін қалыптастыру барысында жаңарған даңғылдарға бірден бірнеше жаңа фонтандар салынды. Тіпті, қаланың тарихи орталығын реконструкциялау кезінде «ұмыт қалған» алматылық субұрқақтар жөнделіп, іске қосылды. Мысалы, ҚТЖ ғимаратының алдындағы бұрынғы көлік тұрағының орнына жаңа фонтан пайда болды. Назарбаев даңғылы бойында бірнеше жаңа әрі құрғақ субұрқақтар іске қосылды. Абай даңғылы бойындағы жаңа фонтандар да көпшіліктің көңілінен шығады, оның ішінде Спорт және туризм...
Алматы мектептерінің директорларына ақша жинауға тиым салынғаны ескертілді »»
02 қараша 2018 - 12:35
Алматы әкімдігінде мектеп директорларымен кеңес өтті, онда білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Кездесуді ашқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев Мемлекет басшысының білім жүйесіне айрықша назар аударатынын, бұл мәселенің халыққа Жолдауында айқын көрініс тапқанын атап өтті. Білім саласын қаржыландыру жыл өткен сайын арта түсуде. Алматыда тек соңғы 5 жыл ішінде ғана білім саласын қаржыландыру 27 млрд. теңгеге өскен. Алматыда мектеп жасына дейінгі жән...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13