^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 16 қазан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы көшелері қайта жасалуда: Бірнеше мердігерлерге айыппұл салынды
27 шілде 2018

Қазіргі кезде Абай, Абылай хан, Назарбаев даңғылдары мен Абай алаңында инженерлік желілерді орналастыру, тас төсеу, жарық діңгектерін ауыстыру, сурау жүйесін орнату, кіре берістерді және нысандардың сыртын жаңарту жұмыстары жүруде. Реконструкция аясында жаяу жүргінші аймағын кеңейту, көлеңкелі кеңістікті қалыптастыру үшін жасыл желек отырғызу, жаңа фонтандар салу қарастырылған.

Қала әкімідігінің комиссиясы тарихи орталықтағы құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі көшелерді абаттандырумен айналысатын мердігерлер атына бірқатар сын айтты.

«Жаяу жүргіншілер мен автокөлік үшін қауіпсіз қоғалысты қамтамасыз еткен жөн. Сіздердің барлықтарыңыз жұмысқа байланысты ашық конкурсқа қатыстыңыздар, барлықтарыңыз тәжірибелі компаниясыздар, сіздер сапа үшін жауап берумен қатар қалалықтарға қажетті жағдайды жасауға тиіссіздер», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

«Базис-А» компаниясының басшысы Павел Белович өзінің сөзінде немкетті жұмыс жасағандарға шара қолданылғаны туралы айтты. Мысалы, құрылыс жұмыстарының ережесін сақтамағаны және техника қауіпсіздігін бұзғаны, жұмысты талапқа сай ұйымдастырмағаны үшін «БАЗИС-А» АҚ-ның басқарушы директоры Салем Тоқмұрзаев қызметінен босатылды, басқарушы директор Өтеген Бұзғұловтың лауазымы төмендетілді, вице-президент Марат Көпешевке қатаң ескерту жарияланды, бұлардың барлығы Назарбаев даңғылындағы жөндеу жұмыстарына жауапты болатын.

Бұлардан өзге, осы учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан қосалқы мердігерлік ұйымдар «Керім Жол» ЖШС пен «МВ Алонс» ЖШС инертті материалдарды жинақтағаны және құрылыс қоқыстарын ретсіз қалдыдрғандары үшін әрқайсысына 20 есептік айлық көрсеткіш көлемінде 48 100 теңгеден айыппұл салынды.

Әкімнің орынбасары С.Мәкежанов құрылыс-монтаж жұмыстарын тексеру барысында Абылай хан даңғылы,Абай даңғылынан Алматы-2 теміржол вокзалына дейінгі аймақтарда бірқатар кемшіліктердің орын алғандығын баяндады. «Новая генерация» ЖШС бас мердігері тиісті ескерту жасамастан жұмысты бастаған. Оның үстіне, бұл учаскеде технология мен өндіріс нормасы өрескел бұзылған: құрылыс қоқыстары дер кезінде тасымалданбайды, құрылыс материалдарын жинау өндірісті ұйымдастыруға сай емес, электр желісін тарту технологиясы сақталмайды, құрылыс қоқысының шашылуына жол берілген,ішкі операциялық бақылау жоқ. Жіберілген осы кемшіліктерге орай бас мердігерлерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, оның жалпы сомасы 1 142 375 теңге. Қосалқы мердігерлік ұйымдар: ТОО «Элитстрой» ЖШС 1 142 375 теңге, «Дарбол» ЖШС - 577 200 теңге айыппұл салынды.

Ал Абылай хан даңғылы бойындағы жасыл желекке нұсқан келтіргені үшін «Новая Генерация» ЖШС учаске басшысына 30 АЕК – 72 150 теңге айыпұл салынды. Ағаштардың тамырына зақым келтіргені, инертті материалдар мен құрылыс қоқыстарын ретсіз қаттағаны үшін қосалқы мердігер «Строй Гарант Инвест» ЖШС 40 АЕКП – 96 200 теңге айыппұл төлейді. Абай даңғылы бойындағы жасыл желекті зақымдағаны үшін қосалқы мердігер «УМР-3» ЖШС 40 АЕК – 96200 теңгеге айппұл хаттамасы толтырылды.

Алматы әкімі көшпелі кеңес барысында қысқа мерзімде жұмысты барынша сапалы атқаруға және қала тұрғындарына жағдай жасауға айрықша назар аударды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына әр учаскеде жұмысты барынша тыңғылықты атқару және мердігерлерден норманы сақтауды қатаң талап ету тапсырылды. Барлық мердігерлерге кемшіліктерді жою үшін нақтылы мерзім берілді.

Еске салсақ, биылғы жазда Алматыда ұзындығы 160 км болатын 150-ден астам көше жөнделуде. Өтпелі жолдардың барлығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланың барлық аудандарында аббаттандыру жүзеге асуда. Егер өткен жылы 500 алматылық аула жөнделсе, биылғы жылы қаланың барлық аудандарында тағы 600-ден аса аула жаңарады.

Мегаполисте соңғы жылдары 800 км инженерлік желі, соның ішінде 313 км су құбыры, 266 км кәріз желісі, 150 км электр желісі және 32,3 км жылу жүйесі салынды және жаңартылды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда жарық көздерінің ескі бағаналары қайда жіберілуде »»
12 қазан 2018 - 11:19
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қаланың жарық көздерінің жүйесін жаңарту және мегаполистің маңызды тарихи нысандарын жарықпен архитектуралық нұрландыру жұмыстарын тексерді. Биылғы жылы қайта жаңарған Абай, Абылай хан және Назарбаев даңғылдарында диодты жарық көздері бар 700-тен астам жарық бағаналары ауыстырылды, бұл шамдар энергияның жұмсалуын 30%-ға қысқартады және ұзақ мерзімді. Алынған ескі бағаналар бұрын ешқандай жарық көздері болмаған Алатау ауданының 15 көшесіне орнатылады. Қазі...
«Алматы-1» теміржол вокзалының айналасы қалай өзгерді »»
11 қазан 2018 - 16:43
Жұмыс сапары кезінде Түрксіб ауданын аралаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек реконструцияланған «Алматы-1» теміржол вокзалының айналасын және вокзал алдындағы көлік қозғалысын ұйымдастырудың сызбасын көрді. Вокзалдың алдындағы жаңарған алаңға бұрынғы ескі асфальттың орнына тротуар плиткасы төселген, жасыл желек аумағы кеңейген, 40-тан астам ағаш отырғызылған. Кіші пішінді архитектуралық формалар қойылып, Әліби Жангелдин ескерткішінің сырты жаңарған. Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында вид...
Президенттің Жолдауы Алматыда қалай орындалады
10 қазан 2018 - 19:38
Алматы әкімдігінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауының қалай орындалатыны туралы айтылды. Ол үшін мегаполис басшылығы білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй салаларын сапалы дамыту және қалалықтар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында 100-ден астам арнайы шаралар енген қалалық жоспар қабылдады. Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала активімен кездесуде Елбасы жүргізіп отырған экономикалық тұ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13