^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 16 қазан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда мегаполистің қалалық инфрақұрылымын жаңарту жалғасуда
02 тамыз 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек күнделікті жұмыс сапары кезінде мегаполистің көлік және жаяу жүргінші инфрақұрылымын жаңғыртудың барысын тексерді.

Былтырғы жылдан жалғасып келе жатқан қаланың тарихи орталығын қайта жасау аясында жаңарған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев және «Астана» алаңымен қоса Алматының бірқатар даңғылдарында күрделі жөндеу жұмыстары жүруде.

Биылғы жылы Абай, Абылай хан, Назарбаев, Достық, Желтоқсан даңғылдары, Абай алаңы мен «Алматы-2» теміржол вокзалының алды қайта жасалуда. Қазіргі кезде мұнда жүргінші аймақтарын кеңейту, реконструкциялау және жаңа фонтандар салу, кіші пішінді сәулет формалары мен көшенің заманауи жиһаздарын орнату, көлеңкелі кеңістіктерге жапырақты ағаштар отырғызу, бұрынғы жасыл желекті сақтап қалу жұмыстары жүруде.

Бұлардан өзге, аталған учаскелерде инженерлік желілер толық ауыстырулда, кеспе тастар төселіп, арықтар, суару жүйелері жаңалануда, нысандардың сыртқы келбеттері өзгеруде. «Қауіпсіз қала» аясында бұрынғы ескі жарықтардың орнына заманауи иодты шырақтар орнатылуда.Реконструкцияланған көшелерге заманауи бағдаршам кешендері қойылады және көше бұрылыстарындағы барлық ескі металл конструкциялар жойылады. Мердігерлік ұйымдар жаяу жүргінші қозғалысын қиындататын қолданылмайтын конструкцияларды, көптеген діңгектерді, қоршаулар мен заңсыз салынған құрылыстарды алып тастауда.

Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында фонтандар мен электр жарықтарын монтаждау басталады. Бұдан өзге, оған жақын орналасқан «Арман» кинотеатрының фасады жаңарып, «Қазақстан» қонақ үйіне түнгі жарық орнатылады. Ал «Алматы-2» теміржол вокзалының маңында қауіпсіздікті ұйымдастыру мақсатында көлік логистикасы түгел қайта қаралып, жасыл желек ұлғаяды.

Жалпы, қала көшелерін жөндеу барысында аулаға баратындай етіп жаңа тротуарлар салынады, ал бұл жаяу жүргіншінің қауіпсіздігін күшейтеді.

Дәл осы күні Бауыржан Байбек Алматының тығыз орналасқан аудандарын қамтитын Тимирязев көшесі бойындағы жүрдек автобус дәлізі құрылысының барысын тексерді.

Көшелерді реконструкциялаумен қатар мұнда тротуарларды, арықтарды, веложолдарды жөндеу, инженерлік желілерді қайта орналастыру, заңсыз құрылыстар мен қоршауларды алып тастау қатар жүруде. Қозғалыс бөлігіндегі жол-құрылыс жұмыстарын биылғы айдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар BRT дәлізінде автомобильдерді болдырмау шаралары жасалуда. Қазіргі кезде қаланың барлық аудандарында 160 көшені жөндеу аяқталып қалды, кіші айналма жолда көлік өткізу қабілетін арттыру үшін жаңа үш жол айрығы салынуда, қозғалыс аумағын кеңейту үшін тармвай жолдары алынуда, қаланың сегіз ауданында біржақты қозғалыс ұйымдастырылуда.

Жұмыс сапары барысында мегаполис басшысы Назарбаев даңғылынан Жансүгіров көшесіне дейінгі үңгілеу жұмысымен танысты, ал бұл Сейфуллин даңғылында « Солүстік- Оңтүстік» бғытындағы көлік жүктемесін азайтады.

Қазіргі кезде мұнда барлық діңгектерді (бағандар, қабырғалар және басқалары) орнату жұмыстары толық аяқталған, сатылы іргетас қондырғысы жасалуда. Сонымен қатар эстакаданың металл жақтауын, қоршауларды, су құбырларын қайта жасау, қорғаныс қабырғасын салу жұмыстары жүруде.

Айта кетерлігі, осы жазда Алматыда ұзындығы 160 км болатын 150–ден астам көше жаңарды, барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделуде. Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланың барлық аудандары абаттандырылуда. Егер өткен жылы 500 аула жөнделсе, биылғы жылы қаланың барлық аудандарында тағы да 600-ден астам аула жаңарады.

Соңғы жылдары мегаполисте 800 км инженерлік желі, соның ішінде 313 км су құбыры, 266 км канализация, 150 км электер және 32,3 км жылу желілері қайта жасалды, жөнделді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда жарық көздерінің ескі бағаналары қайда жіберілуде »»
12 қазан 2018 - 11:19
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қаланың жарық көздерінің жүйесін жаңарту және мегаполистің маңызды тарихи нысандарын жарықпен архитектуралық нұрландыру жұмыстарын тексерді. Биылғы жылы қайта жаңарған Абай, Абылай хан және Назарбаев даңғылдарында диодты жарық көздері бар 700-тен астам жарық бағаналары ауыстырылды, бұл шамдар энергияның жұмсалуын 30%-ға қысқартады және ұзақ мерзімді. Алынған ескі бағаналар бұрын ешқандай жарық көздері болмаған Алатау ауданының 15 көшесіне орнатылады. Қазі...
«Алматы-1» теміржол вокзалының айналасы қалай өзгерді »»
11 қазан 2018 - 16:43
Жұмыс сапары кезінде Түрксіб ауданын аралаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек реконструцияланған «Алматы-1» теміржол вокзалының айналасын және вокзал алдындағы көлік қозғалысын ұйымдастырудың сызбасын көрді. Вокзалдың алдындағы жаңарған алаңға бұрынғы ескі асфальттың орнына тротуар плиткасы төселген, жасыл желек аумағы кеңейген, 40-тан астам ағаш отырғызылған. Кіші пішінді архитектуралық формалар қойылып, Әліби Жангелдин ескерткішінің сырты жаңарған. Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында вид...
Президенттің Жолдауы Алматыда қалай орындалады
10 қазан 2018 - 19:38
Алматы әкімдігінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауының қалай орындалатыны туралы айтылды. Ол үшін мегаполис басшылығы білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй салаларын сапалы дамыту және қалалықтар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында 100-ден астам арнайы шаралар енген қалалық жоспар қабылдады. Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала активімен кездесуде Елбасы жүргізіп отырған экономикалық тұ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13