^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 24 наурыз 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Баум бағынан басып алынған жер телімдері қалаға қайтарылды
07 тамыз 2018

Табиғи ескерткіш болып табылатын «Баум бағының» аумағы Алматы қаласының коммуналдық меншігіне өткеннен соң мегаполис әкімдігі жеке тұлғалар мен автосалон иелерінің көлік тұрағын ұйымдастыру үшін жер телімін өз беттерінше басып алғандығын анықтады.

Маусым айының соңында Алматы әкімі Бауыржан Байбек заңға сәйкес басып алынған жер телімдерін қайтаруды және оны жасылдандыруды тапсырған еді. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша қазіргі кезде мегаолистің ең үлкен және жасыл аумағындағы барлық жер учаскелері қалаға қайтарылды.

Бұлардан өзге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бақ периметрі бойынша тәулік бойына жұмыс істейтін полицияның төрт постысы іске кірісті, сонымен қатар бұрын құлаған ағаштардан жасалған эко-стильдегі навигациялық тақтайшалар, орындықтар қойылды. Терек, емен, қайың аллеялары үшін ағаштар отырғызу жоспарланған.

Ағаштардың иммунитетін арттыру және зиянкестерден қорғау үшін заманауи препараттарды арқылы жасыл желектер биологиялық өңдеуден өтетін болады. Табиғи аймақта флора мен фаунаны кеңейту міндеті қойылған.

Айта кетерлігі, Алматыда соңғы айлар ішінде тағы да бірқатар жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Әкімдіктің қаулысы бойынша ҚІЫО «Атакентке» 23 гектар жер телімін уақытша жалға беру келісімі күшін жойды. «TURKUAZ GROUP OF COMPANIES» компаниясы «Южный» паркі учаскесінде тұрғын салудан өз еркімен бас тартты.

Екінші деңгейлі банктің бірімен Розыбакиев-Штраус-Есқараев-Радостовец көшелері аумағындағы жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы келісімге қол жеткізілді. Сақ қорғаны орналасқан бұл жерге ашық аспан астындағы Музей салу жоспарланған.

Сонымен қатар, Алматы әкімдігі қала ипподромы мен "Сайран" автовокзалын тарихи-мәдени мұра обьектілерінің алдын-ала жасалған тізіміне енгізді.

Өткен аптада мегаполис әкімі Бауыржан Байбек Абай көшесі бойындағы Түрксіб ауруханасының бұрынғы ғимаратын Алматы қаласы тарихының ескерткіштері тізіміне енгізу мәселесін қарастыруды тапсырды.

Ғимаратты тарихи-мәдени мұралар тізіміне енгізу оның сыртқы келбетін және ішін,конструкцияларын, құрылысын, мақсатты пайдаланылуын өзгертуге және қорғалатын аумағын бұзуға тыйым салыады. Нысанды өзгертуге,жөндеуге және реконструкциялауға қатысты кез-келген шаралар өкілетті органның келісімімен ғана жүргізіледі.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда мыңдаған қалалықтар мен мегаполис қонақтары Наурыз мейрамын мерекелеуде »»
22 наурыз 2019 - 17:33
Алматыда Наурыз мейрамын мерекелеу кең ауқымда өтуде. Қаланың барлық сегіз аудандарында мерекелік шаралар қанат жайған, «Астана» алаңы, Жібек жолы мен Панфилов көшелері, Almaty Arena, Halyk Arena, «Сұңқар» шаңғы трамплині кешені, «Атакент» алдындағы алаң және басқалары халық көп жиналатын мерекелік тартылыс орындарына айналған. Қала тұрғындары мен қонақтарын шуақты мерекемен құттықтаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурыздың Қазақстанда достықты, өзара құрмет пен келісі...
Алматының Орталық саябағына Батырхан Шүкеновтың мүсіні қойылады »»
21 наурыз 2019 - 19:48
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде жаңарған Орталық мәдениет және демалыс саябағын аралап көрді. Бұрындары жаңа фонтандар, балалар мен спорт алаңдарын салуға басқарушы компания «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1,6 млрд. теңге жеке қаржыны инвестициялаған еді. Орталық саябақ директоры Владимир Калинин өзінің сөзінде жарық діңгектерінің, асфальтты төсеніштердің, тротуарлар плиткалаларының жаңарғанын, заманауи навигацияның орнатылғанын айтты. Бұрын көлік тұрағы болған саябақты...
«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» қоғамдық қорынан кімдерге көмек көрсетіледі? »»
15 наурыз 2019 - 14:37
Алматы да «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының бастамасымен «Бақытты отбасы – Алматы» қоғамдық қоры құрылды. Қордың жұмысы және аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмек түрлері жөнінде партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров айтып берді. Қор кімдерге көмек көрсетеді? Алматыда тұрақты тіркеуі және атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (тұрмысы төмен) көпбалалы аз қамтылған отбасыларға. Қандай көмек түрлері көрсетіледі? ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13