^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 24 наурыз 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда үш жыл ішінде 1300-ден астам аула жөнделді
09 тамыз 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек күн сайынғы жұмыс сапары барысында қала аулаларын реконструкциялау қарқынын тексерді. Егер мегаполисте 2016 жылы 300 аула көріктендірілсе, 2017 жылы 400-тен астам аула жөнделді, ал биылғы жылы 600-ден астам аула күрделі жөндеуден өтуде. Соңғы үш жылда 3787 алматылық ауланың 1338-і абаттандырылды.

Аулаларда жаңа спорт және балалар алаңдары жасалуда, балдырғандардың спортпен шұғылдануы үшін тренажерлер, ойын кешендері орнатылуда. Асфальтты және резинкалы едендер қайта жасалып, орындықтар, урналар мен МАФтар қойылуда, жасыл желек көбеюде.

«Қауіпсіз қала» бағытында жаңа жарық көздері орнатылуда. Кейбір аулаларда пилотты режимде жарық көздері күн энергиясымен жұмыс істеуде. Болашақта өзге аулаларды жөндеу барысында оны кеңінен қолдану мүмкіндігі қарастырылуда.

Қала басшысы жұмыс сапары кезінде «Орбита-1» ықшам ауданындағы №16, 17, 18, 19, 2, 21 үйлер тұрғындарымен кездесті, мұнда жаңа хоккей, футбол алаңдары пайда болған, кедергісіз инклюзивті ойын алаңы жасалған.

«Біз аулаларды көп жөндеген сайын неге біздің ауламызды жөндемейсіздер деген өтінімдер жиі түсуде. Мен әрбір алматылық ауланың жөндеуден өтетініне уәде беремін. Ол үшін біз бөлек бағдарлама қабылдадық және үш жыл ішінде 700 мың адамды қамтыған аулалардың 35%-ын жаңарттық. Біз үшін бұл маңызды, қалалықтар үшін қауіпсіздік пен жайлылық. Біздің аулаларымыз жарық көздері, спорт және балалар алаңдары бар тартымды аула болуы тиіс, мұнда балалар спортпен шұғылданып, ашық аспан астында ойнай алады», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Бұлардан өзге, жыл аяғына дейін ТҮК модернизациялау аясында тағыда 174 үйдің сырты, шатыры, подъездері жөнделеді, 226 лифт ауыстырылады.

Жалпы, Алматыда соңғы үш жыл ішінде ұзындығы 500 км болатын 524 көше жөнделді. Тек соңғы жылы ғана 800 км инженерлік желілер салынды және қайта жасалды.

Қаланың тарихи орталығын жаңғырту жалғасуда. Егер өткен жылы Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Төлебаев, Байсейітова көшелері мен «Астана» алаңы қайта жасалса, биылғы жылы Абай, Абылай хан, Достық, Назарбаев, Желтоқсан даңғылдары, «Алматы 2» теміржол вокзалының алаңы және Республика Сарайының алды жаңару үстінде.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда мыңдаған қалалықтар мен мегаполис қонақтары Наурыз мейрамын мерекелеуде »»
22 наурыз 2019 - 17:33
Алматыда Наурыз мейрамын мерекелеу кең ауқымда өтуде. Қаланың барлық сегіз аудандарында мерекелік шаралар қанат жайған, «Астана» алаңы, Жібек жолы мен Панфилов көшелері, Almaty Arena, Halyk Arena, «Сұңқар» шаңғы трамплині кешені, «Атакент» алдындағы алаң және басқалары халық көп жиналатын мерекелік тартылыс орындарына айналған. Қала тұрғындары мен қонақтарын шуақты мерекемен құттықтаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурыздың Қазақстанда достықты, өзара құрмет пен келісі...
Алматының Орталық саябағына Батырхан Шүкеновтың мүсіні қойылады »»
21 наурыз 2019 - 19:48
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде жаңарған Орталық мәдениет және демалыс саябағын аралап көрді. Бұрындары жаңа фонтандар, балалар мен спорт алаңдарын салуға басқарушы компания «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1,6 млрд. теңге жеке қаржыны инвестициялаған еді. Орталық саябақ директоры Владимир Калинин өзінің сөзінде жарық діңгектерінің, асфальтты төсеніштердің, тротуарлар плиткалаларының жаңарғанын, заманауи навигацияның орнатылғанын айтты. Бұрын көлік тұрағы болған саябақты...
«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» қоғамдық қорынан кімдерге көмек көрсетіледі? »»
15 наурыз 2019 - 14:37
Алматы да «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының бастамасымен «Бақытты отбасы – Алматы» қоғамдық қоры құрылды. Қордың жұмысы және аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмек түрлері жөнінде партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров айтып берді. Қор кімдерге көмек көрсетеді? Алматыда тұрақты тіркеуі және атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (тұрмысы төмен) көпбалалы аз қамтылған отбасыларға. Қандай көмек түрлері көрсетіледі? ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13