^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 20 ақпан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының Наурызбай ауданында 1200 орынды жаңа мемлекеттік мектеп ашылды
01 қыркүйек 2018

Алматыға жақында қосылған Наурызбай ауданында 1200 орынды жаңа мемлекеттік мектеп ашылды, мұнда ерекше білімді қажет ететін балалардың терең әрі сапалы дәріс алулары үшін барлық жағдайлар жасалған. Қала әкімі Бауыржан Байбек таяуда ғана пайдалануға берілген 1200 орынды мектептің оқушыларымен және олардың ата- аналарымен кездесті.

Жаңа оқу орнында робот техникалары кабинеттері, физика мен химияның арнайы сыныптары, ата – аналардың қонақ бөлмелері, ойын алаңдары және басқалары бар. Мұнда сейсмикалық қауіпсіздікке ерекше мән берілген, сондықтан барлық жабдықтар мен мектеп жиһаздары қабырғаларға мықтап бекітілген.

Мектеп ғимараты тактильді жолмен, соқыр және арнайы шырақтардың өзімен әрең көретін балалар үшін Брайльдің рельефті- нүктелі шрифтері арқылы дәріс беретін сыныптармен, арнайы санитарлық бөлмелермен және шақыру нүктелерімен толық қамтамасыз етілген.

«Барынша қолайлы және жақсы мектеп. Арбамен жүруде еш кедергі болмау үшін лифт жұмыс істейді. Біз осыдан төрт жыл бұрын Қытайдан туған Отанымызға оралған болатынбыз. Өкінішке орай, менің Зәруім сынды балалардың онда білім алуларына еш мүмкіндік жасалмаған. Мен туған еліме оралуды, қызымның Қазақстанда білім алуын армандадым. Мемлекет басшысына рахмет, елімізде балалардың білім алуы үшін барлық жағдайлар қарастырылған, жат жұрттан келсек те бізді ешкім өзгелерден бөлген жоқ, қайта құшақтарын ашты. Арманым, қызымның өз аяғымен тік тұруы», - деді бірінші сынып оқушысы Молдасан Гүлбібінің анасы.

Бірінші сынып оқушысының өзі жаңа мектептің ұнайтынын және сыныптастарымен танысқанын айтты.

Бүгін 240 мыңнан астам алматылық оқушылар үшін алғашқы қоңырау соғылды, олардың 25 мыңы - бірінші сыныптықтар. Дәл осы күні Алматыда 2300 орынды тағы жаңа төрт мектеп есіктерін айқара ашты.

Еске салсақ, Алматыда биылғы жылы білім ошақтарын салу мен күрделі жөндеуден өткізуге 17 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.

1840 орынды 9 мемлекеттік бала бақша құрылысы жүруде.Жаңа оқу жылында 840 орынды тағы 4 мемлекеттік бала бақшаның құрылысы басталады.

№26 мектептің ескі ғимараты жаңарды. 90 орынды коррекциялық бала бақша ашылды. Алатау ауданындағы №151 мектеп жанынан салынған 600 орынды қосалқы нысан пайдалануға берілді.Оқу жылының екінші тоқсанының басында мұнда 600 орынды мектеп пен №184, 185 мектептер жанынан әрқайсысы 400 орынды қосалқы нысандар ашылатын болады.

Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында Алматыда таяудағы үш жыл ішінде 37 жатақхана салынады.Қазірдің өзінде 4 мың орынды 7 жатақхана құрылыстары басталды. Олардың төртеуі биылғы жылы пайдалануға беріледі.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі көпбалалы аналармен кездесті
19 ақпан 2019 - 18:11
Алматы әкімі Бауыржан Байбек көпбалалы аналармен кездесті, олардың барлық сұрақтары мен ұсыныстарын жеке тыңдады, сонымен қатар мегаполистің тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларына қолдау көрсету үшін қалалық деңгейде атқарылатын әлеуметтік шараларды кеңінен түсіндірді. Бұрындары мұндай кездесулер барлық аудандық әкімдіктерде өтті, нәтижесінде айтылған барлық ұсыныстар жинақталды әрі сараланды. Жалпы, көпбалалы аналарды толғандыратын басты мәселелер – әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру, тұрғын үй ме...
Алматыда тағы 120 көшеге энергия үнемдейтін жарықдиодты жарықтандыру орнатылады »»
18 ақпан 2019 - 15:06
Ыңғайлы әрі қауіпсіз қала ортасын құру мақсатында көшелерді жарықтандыру жүйесі жаңартылып және Алматы қаласының көрнекті объектілерінің архитектуралық жарықтандыруын орнату жалғасуда. Биылғы жылы қаланың тағы 120 көшесінде жаңа LED-шамдар пайда болады. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметтері бойынша, соңғы бірнеше айда Алматыда көшелерді жарықтандырудың 30%-ы бұрынғы газ шығаратын шамдардан жарықдиодты шамдар мен энергия үнемдейтін шамдарға ауыстырылды. Жалпы алғанда, қалада м...
Алматы әкімдігі көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша 5 жүйелі шараларды ұсынды »»
13 ақпан 2019 - 17:28
Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс конференциясында тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы, адрестік көмек, әлеуметтік төлем, демеушілік көмек, еңбекпен қамту сынды қолдау көрсету жүйесінің бірқатар қалалық шараларын атап өтті. Ол өзінің сөзінде қолдауға зәру тұрғындарға адрестік тікелей және жанама әлеуметтік көмек көрсету партияның басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. «Қысқа мерзім ішінде көмекті қажет ететін жанда...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13