^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 16 шілде 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі қаланың жаяу жүргінші инфрақұрылымын реконструкциялаудағы құрылыс жұмыстарының сапасын тексерді
13 қыркүйек 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың жаяу жүргінші инфрақұрылымын реконструкциялаудағы құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасын тексерді. Мегаполис басшысы қаланың бірқатар даңғылдары мен көшелерін аралап шығып, мердігерлік ұйымдар басшыларына нақтылы ескертулер жасады.

Жұмыс сапары барысында қала басшысы Абылай хан даңғылына қайта жасау жұмыстарын жүргізген «Элитстрой» құрылыс компаниясының еншілес ұйымын қатаң сынға алды.

«Белгіленген мерзім былай тұрсын, бірде -бір учаскеде жұмыс сапалы атқарылмаған.Кеспе тастар иіріліп төселінген, тротуарлар мен қозғалыс аймағы түйіспейді. Ал «Алматы 2» теміржол вокзалының айналасын екі ай бойына реттей алмай келесіңдер. Қауіпсіздік бөлігі жасалмаған, судан арылту қарастырылмаған. Жастар театры алдындағы жұмысты маусым айына бастасаңдар да күні бүгінге дейін аяқтаған жоқсыңдар. Сендер өздерің өз компанияларыңның беделіне нұсқан келтірудесіңдер. Кемшіліктерді түзетуге екі ай мерзім беремін», - деді ол компания директоры Алексей Балаганскийге.

Олай етпеген жағдайда бұл ұйым жауапсыз компаниялар тізіміне енетін болады.

Қала басшысы атап өткендей, құрылысты ұйымдастыру жұмыстары да сын көтермейді. Жаяу жүргіншілер мен көліктердің қауіпсіз қозғалуы үшін қарапайым жағдайлар жасалмаған.

«Жерді қазған кезде адамдар қалай жүреді деп ойлау керек қой. Алдымен жағдай жасау қажет. Міне, мына жерде газ желілері ауыстырылған, тротуардағы ескі құбырлар әлі күнге дейін алынбаған», - деп сын айтты Бауыржан Байбек Абылай хан даңғылын Құрманғазы көшесінен төмен учаскеде аралаған кезде.

Ол мердігерлердің назарын көп жерлерде газонның бордюр деңгейінен жоғары тұрғанына да аударды.

«Арықтардың жиегіне рулонды газондар төселіпті. Сапасыз жасалғандықтан ол қазірдің өзінде құлап жатыр, ал қар тазалағанда не болмақ. Бұлардың барлығын қайта жасайсыңдар. Учаскелердің көбінде олар бордюрден жоғары тұр. Ертең лайдың барлығы тротуарлар мен арықтарға жайылады ғой», - деп реніш білдірді қала әкімі.

Қаланың Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов даңғылды жаңғырту кезінде жіберілген олқылықтардың толық жөнделгенін, ал компанияға кемшіліктерді түзету туралы ескертпе берілгенін айтты. Ескертпелер орындалмаса тиісті айыппұл санкциялары салынады.

«Жұмыс әлі қабылданған жоқ. Демек, барлық кемшіліктер жойылып, жоба толық көлемінде сапалы атқарылмайынша жұмысқа ақы төленбейтіні белгілі» - деді ол.

Бұрындары Бауыржан Байбек Республика Сарайы алдындағы Абай алаңына тротуар плиткасын төсеуде жіберлген кемшіліктерді түзетуді тапсырған болатын. «ТРИА Холдинг» мердігерлік ұйымының басшысы Михаил Чикаев компанияның барлық олқылықтарды орнын толтыратынын айтты. Оның үстіне жұмыс қала тұрғындарына қолайсыздық тудырмайтындай етіп ұйымдастырылған.

Еске салсақ, биылғы жылы Алматыда реконструкция аясында қаланың бірқатар даңғылдарында жаяу жүргінші кеңістігі кеңейді. Асфальттың орнына кеспе тастар төселді. Диодты жарық көздері, жаңа бағдаршамдар орнатылып, жаңа фонтандар салынды. Ғимараттардың сырты мен кіре берістері жаңарды. Қазан айында жаңарған даңғылдарға жасыл желектер мен ағаштар отырғызылады.

Жалпы, Алматыда 524 көше жөнделді,1400 ескі аулалар жаңарды. 300 км арықтар салынды және жөнделді, 800 км инженерлік желілер тартылды.

Қаланың барлық өтпелі жолдары жаңарды. Жыл аяғына дейін қаланың барлық жарық көздерінің үштен бірі жарық жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметінің мәлімдемесі »»
13 шілде 2019 - 15:41
Әлеуметтік желілерде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев туралы фейк аккаунттар әлі де шығып жатыр. Оларда жарияланған кез-келген ақпарат Алматы қаласы әкімінің ресми ұстанымын білдірмей тінін хабарлаймыз. Сондықтан БАҚ-ын, әлеуметтік желілерді қолданушыларды Алматы қаласы әкімінің Twitter, Facebook және Instagram. әлеуметтік желілеріндегі Алматы қаласы әкімінің тек ресми аккаунтындағы ақпаратты пайдалануды сұраймыз. Қазіргі кезде қала әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі Twitter, Facebook және Instagram сер...
Бақытжан Сағынтаев «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурсының жеңімпаздарын құттықтады »»
12 шілде 2019 - 17:55
Алматы әкімі Б.Сағынтаев Қазақстанның тауар өндірушілерінің көрмесінде болды, «Қазақстанның үздік тауары» XIII өңірлік конкурсының қорытындысы бойынша үздік атанған кәсіпкерлерді марапаттауға қатысты. Биылғы жылы байқауға 72 компания қатысты. 9 кәсіпорын үздік атанды, енді олар республикалық деңгейде үздік атану үшін күресті жалғастыратын болады. Конкурсқа тұтынушыға бұрыннан таныс брендтермен қатар стартаперлер де қатысып, көрмеге өнімнің үлкен ассортиментін ұсынды. Көрмені ұйымда...
Сапарбек Тұяқбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды »»
11 шілде 2019 - 11:06
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің өкімімен С.Тұяқбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. С.Тұяқбаев 1979 жылы туылған. 2001 жылы Таяушығыс техникалық университетін (Түркия), 2004 жылы Торонто университетін (Канада) бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдар аралығында мемлекеттік қызмет істері Агенттігінде, Ресейдегі ҚР Елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтерді атқарған. 2012-2017 жылда...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13