^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 20 ақпан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыдағы жаңарған Абай даңғылына 1000-нан астам ағаш отырғызылады
14 қыркүйек 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың жаяу жүргінші инфрақұрылымын реконструкциялаудағы құрылыс жұмыстарының сапасын тексерді. Мегаполис басшысы жаңарған бірнеше көшелерді аралап шығып, қайта түлеген Абай даңғылында да болды.

Даңғылды модернизациялау аясында жаяу жүргінші кеңістігі кеңейді, асфальттың орнына кеспе тастар төселді. Жақын арада заманауи және өте қолайлы көше жиһаздары қойылатын болады.

Бұлардан өзге, жаңа жарық диодты көше және троутар шамдары орнатылуда. Жаңа фонтандар салу мен ғимараттардың сыртын жаңарту жұмыстары аяқталып қалды. Қазан айында түрлі тұқымды 1000-нан астам ағаштар отырғызылады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында мердігердің назарын жіберілген кемшіліктерге және атқарылған істердің барлығы қала тұрғындарына қолайлы болуы тиіс екендігіне аударды.

«Мүмкіндігінше қалада кедергісіз ортаны қалыптастыру қажет. Көп жерлерде пандустар қарастырылмаған, соның ішінде туризм Академиясы алдындағы жаңа фонтан маңында. Кеткен кемшіліктерді түзетіңіздер», - деп атап өтті Бауыржан Байбек Байтұрсынов көшесінің бұрылысы бойымен даңғылды аралаған кезде.

Мегаполис басшысы қозғалыс бөлігіне тым жақын орналасқан көлік бекеттері кешендерін ауыстыруды және жолаушы ағыны жиі Орталық стадион жаны мен өзге де учаскелерге қосымша бекттер орнатуды тапсырды.

Наурызбай батыр көшесі қиылысына сквер жасау мәселесі қайта қаралады, бұрынғы Түрксіб ауруханасының маңын жасылдандыру көлемі артады.

Бұрын стихиялы көлік тұрағы болған Сейфуллин даңғылының батыс бөлігіне кіші пішінді архитектуралық формалар қойылады, жасылдандырылады және заманауи форматтағы сауда орындары пайда болады.

Масанчи көшесінің шығысына қарай кезінде донер жасаушылар басып алып, тұрғындардың ренішін туғызған учаскеге жасыл желек отырғызылады.

Бірқатар учаскелерге, соның ішінде Лермонтов атындағы театр алдындағы алаңға тротуар плиткасы қайта төселеді.

Жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек Желтоқсан көшесінде де болды және «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші маңында қауіпсіздік аймағын жасауды тапсырды.

Бұрындары мегаполис басшысы Республика Сарайы алдындағы алаңға тротуар плиткаларын төсеуде жіберлген кемшіліктерді түзетуді тапсырған болатын. Бұлардан өзге, қала әкімі Абылай хан даңғылын қайта жасаған «Элитстрой» компаниясының еншілес мердігерлік ұйымының жұмысын сынға алып, олқылықтардың орнын толтыруға екі ай мерзім берді.

Айта кетерлігі, жалпы Алматыда биылғы жылы 524 көше жөнделді, 1400 ескі аула жаңарды. 300 км арық салынды және жөнделді, 800 км инженерлік желі тартылды.

Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары жаңарды. Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарының үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі көпбалалы аналармен кездесті
19 ақпан 2019 - 18:11
Алматы әкімі Бауыржан Байбек көпбалалы аналармен кездесті, олардың барлық сұрақтары мен ұсыныстарын жеке тыңдады, сонымен қатар мегаполистің тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларына қолдау көрсету үшін қалалық деңгейде атқарылатын әлеуметтік шараларды кеңінен түсіндірді. Бұрындары мұндай кездесулер барлық аудандық әкімдіктерде өтті, нәтижесінде айтылған барлық ұсыныстар жинақталды әрі сараланды. Жалпы, көпбалалы аналарды толғандыратын басты мәселелер – әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру, тұрғын үй ме...
Алматыда тағы 120 көшеге энергия үнемдейтін жарықдиодты жарықтандыру орнатылады »»
18 ақпан 2019 - 15:06
Ыңғайлы әрі қауіпсіз қала ортасын құру мақсатында көшелерді жарықтандыру жүйесі жаңартылып және Алматы қаласының көрнекті объектілерінің архитектуралық жарықтандыруын орнату жалғасуда. Биылғы жылы қаланың тағы 120 көшесінде жаңа LED-шамдар пайда болады. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметтері бойынша, соңғы бірнеше айда Алматыда көшелерді жарықтандырудың 30%-ы бұрынғы газ шығаратын шамдардан жарықдиодты шамдар мен энергия үнемдейтін шамдарға ауыстырылды. Жалпы алғанда, қалада м...
Алматы әкімдігі көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша 5 жүйелі шараларды ұсынды »»
13 ақпан 2019 - 17:28
Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс конференциясында тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы, адрестік көмек, әлеуметтік төлем, демеушілік көмек, еңбекпен қамту сынды қолдау көрсету жүйесінің бірқатар қалалық шараларын атап өтті. Ол өзінің сөзінде қолдауға зәру тұрғындарға адрестік тікелей және жанама әлеуметтік көмек көрсету партияның басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. «Қысқа мерзім ішінде көмекті қажет ететін жанда...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13