^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 20 ақпан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі «Сайран» өзенінің айналасын абаттандыруды одан әрі жалғастыруды тапсырды
25 қыркүйек 2018

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Сайран» өзенінің айналасын аралап көрді және келер жылы да абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Биылғы жылы су қоймасының батыс бөлігінің беткейлері реттелді, сатылы түсу жолы жөнделді, 7 га жер газондалды. Бұлардан өзге, жарық көздері орнатылды, асфальт төселіп, балалар және спорт алаңдары көріктендірілді.

Осыған ұқсас жұмыстар шығыс бөлікте де атқарылды, көше жиһазы қойылып, жаңадан 130 жарық бағаналары орнатылды, воркаут-алаңы мен жағалау волейболының алаңы көріктендірілді. Жүгіру мен велосипед тебуге арналған 5 км жол жасалды.

Өз кезегінде мегаполис әкімі келер жылы да өзен маңын абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды, ал аудан әкімдіктеріне өзенге жақын аумақтарды көріктендіру, спорт және балалар алаңдарының санын көбейтуді тапсырды.


Айта кетерлігі, жалпы Алматыда биылғы жылы 524 көше жөнделді, 1400 ескі аула жаңарды. 300 км арық салынды және жөнделді, 800 км инженерлік желі тартылды. Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары жаңарды. Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарының үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі көпбалалы аналармен кездесті
19 ақпан 2019 - 18:11
Алматы әкімі Бауыржан Байбек көпбалалы аналармен кездесті, олардың барлық сұрақтары мен ұсыныстарын жеке тыңдады, сонымен қатар мегаполистің тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларына қолдау көрсету үшін қалалық деңгейде атқарылатын әлеуметтік шараларды кеңінен түсіндірді. Бұрындары мұндай кездесулер барлық аудандық әкімдіктерде өтті, нәтижесінде айтылған барлық ұсыныстар жинақталды әрі сараланды. Жалпы, көпбалалы аналарды толғандыратын басты мәселелер – әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру, тұрғын үй ме...
Алматыда тағы 120 көшеге энергия үнемдейтін жарықдиодты жарықтандыру орнатылады »»
18 ақпан 2019 - 15:06
Ыңғайлы әрі қауіпсіз қала ортасын құру мақсатында көшелерді жарықтандыру жүйесі жаңартылып және Алматы қаласының көрнекті объектілерінің архитектуралық жарықтандыруын орнату жалғасуда. Биылғы жылы қаланың тағы 120 көшесінде жаңа LED-шамдар пайда болады. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметтері бойынша, соңғы бірнеше айда Алматыда көшелерді жарықтандырудың 30%-ы бұрынғы газ шығаратын шамдардан жарықдиодты шамдар мен энергия үнемдейтін шамдарға ауыстырылды. Жалпы алғанда, қалада м...
Алматы әкімдігі көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша 5 жүйелі шараларды ұсынды »»
13 ақпан 2019 - 17:28
Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс конференциясында тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы, адрестік көмек, әлеуметтік төлем, демеушілік көмек, еңбекпен қамту сынды қолдау көрсету жүйесінің бірқатар қалалық шараларын атап өтті. Ол өзінің сөзінде қолдауға зәру тұрғындарға адрестік тікелей және жанама әлеуметтік көмек көрсету партияның басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. «Қысқа мерзім ішінде көмекті қажет ететін жанда...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13