^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 16 маусым 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі Швейцарияның халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасымен кездесті
03 қазан 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Швейцария Конфедерациясы Федералды жиыны кантондар Кеңесінің халықаралық істер жөніндегі Комитетінің төрағасы Филиппо Ломбардимен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Қазіргі кезде Швейцария энергияның тиімділігін арттыру мен жаңа энергия көздерін ашу саласында инновацияны дамыту бойынша көш бастауда, ал Цуг қаласы блокчейндер технологиясының жаһандық орталығына айналып отыр.

Оның үстіне, «Smart-City» жобасын жүзеге асыруда швейцариялық компаниялардың жинақтаған тәжірибелері мол. Мемлекеттік «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы мен «Smart Almaty» жобасы бойынша жаңа технологияларды енгізуге орай тараптар осы бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді.

Айта кетерлігі, Швейцария Қазақстанның үшінші ауқымды шетелдік инвесторы болып табылады. Алматы мен Швейцария арасындағы тауар айналымы оң динамикаға ие. Қалада сауда, медицина, қаржы және басқа салаларда швейцарлық капиталмен 93 кәсіпорын жұмыс істейді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бауыржан Байбек Алматы көшелерін реконструкциялау барысын тексерді »»
14 маусым 2019 - 18:52
Жұмыс сапары кезінде Бауыржан Байбек «Қала адамдар үшін» концепциясы аясында Алматының тағы бірқатар көшелерін модернизациялау жөніндегі құрылыс жұмыстарының және инженерлік коммуникацияларды реконструкциялаудың барысын тексерді. Жайлы қала кеңістігін қалыптастыру мақсатында биылғы жылы Достық даңғылы, Жібек жолы мен Байсейітова көшелерінің бойында энергия жинақтаушы тротуар шамдары, көше жиһаздары, спорт және балалар алаңдары, фонтан кешендері пайда болады. Жасылдандыру қолға алынады, ескі ағ...
Алматы әкімі «Vision Zero» аясында жолдарды реконструкциялауды тексерді »»
13 маусым 2019 - 19:52
Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Vision Zero Almaty» бойынша жолдарда өлімді азайтудың Жоспары аясында жол инфрақұрылымдарын реконструкциялауды тексерді. Биылғы жазда қаланың 140-тан астам жолдары жөнделуде, олардың 56-ы жаяу жүргіншіге бейімделген. Олар - бекет кешендерінің айналасы, кең қозғалыс бөлігінің жиектері және өтпелі жолдардың қауіпсіз аймағы. Жалпы, қала бойынша көпшілік жиі жүретін әрі апаттық деңгейі жоғары 72 проблемалы уческе анықталған, алдыңғы қатарлы мегаполистерде балама реті...
Алматыда Достық даңғылы мен Жібек жолы көшесін реконструкциялау басталады »»
12 маусым 2019 - 17:17
Алматыда Достық даңғылы мен Жібек жолы көшесінің учаскелерін реконструкциялауға қатысты автокөлік пен жаяу жүргіншілер үшін кейбір қозғалыс бөліктері жабылады. Мысалы, 13 маусымда Жібек жолы бойымен Желтоқсан көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін автокөлік қозғалысы жабылады. Көшенің солтүстік жағындағы жаяу жүргінші жолы ашық. Достық даңғылы бойында тек жаяу жүргіншіге қатысты екі учаске ғана Құрманғазы көшесінің төменгі шығыс жағы мен Қабанбай батыр көшесі жабылады. Қоғамдық кеңістікті модернизациял...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13