^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 20 ақпан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
«Алматы-1» теміржол вокзалының айналасы қалай өзгерді
11 қазан 2018

Жұмыс сапары кезінде Түрксіб ауданын аралаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек реконструцияланған «Алматы-1» теміржол вокзалының айналасын және вокзал алдындағы көлік қозғалысын ұйымдастырудың сызбасын көрді.

Вокзалдың алдындағы жаңарған алаңға бұрынғы ескі асфальттың орнына тротуар плиткасы төселген, жасыл желек аумағы кеңейген, 40-тан астам ағаш отырғызылған. Кіші пішінді архитектуралық формалар қойылып, Әліби Жангелдин ескерткішінің сырты жаңарған.

Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында видеобақылау камералары қойылған.

Теміржол вокзалының тура алдына қоғамдық көлікке басымдық беретін қондырғылар орнатылған, өтпелі жолдарда қауіпсіздік қатаң сакқталған. Жақын арада заманауи форматтағы бекет кешендері орнатылады.

Алматы әкімі Мемлекет басшысының туризм және көлік- логистикалық қызмет секторын дамытуға айрықша назар аударатынын атап өтті. Биылғы жылы қалада «Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдарының айналасы қайта жаңарды, енді біраз жылдардан соң «КТЖ» АҚ ғимараттардың өздерін модернизациялайтын болады. «Сайран» халықаралық автовокзалы да қатар реконструкциялануда.

«Мемлекет басшысының Жолдауында қалаларда тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігі атап өтілген. Біз келер жылы да Алматының тарихи орталығы мен әр ауданды модернизациялауды одан әрі жалғастырамыз. Соңғы жылдары Түрксіб ауданында аулалардың 50%-дан астамы абаттандырылды. Ендігі жылы тағы 200 аула жаңарады, осылайша қаламыздың қарт ауданының барлық аулалары қайта жасалады», - деді Бауыржан Байбек.

Бұлардан өзге, келер жылы Түрксіб ауданында жаяу жүргіншіге басымдық беру үшін Сауранбаев көшесі модернизацияланады, екі сквер қайта жасалады. Сүйінбай даңғылынан Ержанов көшесіне дейінгі Шолохов көшесі жөнделеді, тротуарлар кеңейіп, жасыл желек отырғызылады.

Айта кетерлігі, қала кеңістігін жақсарту аясында мегаполистің тархи орталығының үштен екісі жаңарды, 524 көше мен 1400 ескі аулалар қайта жасалды. 300 км арық, 800 км астам инженерлік жүйе реконструкцияланды. Қаланың барлық жер асты жолдары күрделі жөндеулерден өтті.

Көшедегі барлық жарық көздерінің үштен бірі диодты және энергияны сақтайтын шамдарға ауыстырылды. Жыл аяғына дейін жаңа қоғамдық көліктің үлесі 80%-ға жетеді.








  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі көпбалалы аналармен кездесті
19 ақпан 2019 - 18:11
Алматы әкімі Бауыржан Байбек көпбалалы аналармен кездесті, олардың барлық сұрақтары мен ұсыныстарын жеке тыңдады, сонымен қатар мегаполистің тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларына қолдау көрсету үшін қалалық деңгейде атқарылатын әлеуметтік шараларды кеңінен түсіндірді. Бұрындары мұндай кездесулер барлық аудандық әкімдіктерде өтті, нәтижесінде айтылған барлық ұсыныстар жинақталды әрі сараланды. Жалпы, көпбалалы аналарды толғандыратын басты мәселелер – әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру, тұрғын үй ме...
Алматыда тағы 120 көшеге энергия үнемдейтін жарықдиодты жарықтандыру орнатылады »»
18 ақпан 2019 - 15:06
Ыңғайлы әрі қауіпсіз қала ортасын құру мақсатында көшелерді жарықтандыру жүйесі жаңартылып және Алматы қаласының көрнекті объектілерінің архитектуралық жарықтандыруын орнату жалғасуда. Биылғы жылы қаланың тағы 120 көшесінде жаңа LED-шамдар пайда болады. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметтері бойынша, соңғы бірнеше айда Алматыда көшелерді жарықтандырудың 30%-ы бұрынғы газ шығаратын шамдардан жарықдиодты шамдар мен энергия үнемдейтін шамдарға ауыстырылды. Жалпы алғанда, қалада м...
Алматы әкімдігі көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша 5 жүйелі шараларды ұсынды »»
13 ақпан 2019 - 17:28
Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс конференциясында тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы, адрестік көмек, әлеуметтік төлем, демеушілік көмек, еңбекпен қамту сынды қолдау көрсету жүйесінің бірқатар қалалық шараларын атап өтті. Ол өзінің сөзінде қолдауға зәру тұрғындарға адрестік тікелей және жанама әлеуметтік көмек көрсету партияның басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. «Қысқа мерзім ішінде көмекті қажет ететін жанда...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13