^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 19 қаңтар 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда жыл соңына дейін алғашқы электронды табло пайда болады
30 қазан 2018

Алматы әкімдігінде қала аялдамаларында қоғамдық көлік қозғалысының кестесін көрсететін электронды таблолардың қашан пайда болатыны туралы айтылды.

«Әкімдік аялдамаларға цифрлы таблолар орнатуға қарсы емес. Мұнда оларды қала бюджетінен тыс қаржы есебінен орнату туралы айтылды. Алғашқы табло Тимирязев көшесі бойындағы BRT желісінде жыл соңына дейін пайда болады. Бұл істі Көлік холдингі өз мойнына алып отыр. Мегаполис әкімінің тапсырмасына орай біз бұл істі бюджеттен тыс қаржы есебінен орындаймыз және қаланың ірі тораптық аялдамаларын цифрлы таблолармен қамтамасыз етеміз», - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов.

Ол өзінің сөзінде 200 мыңнан астам тұтынушының онлайн-режимде карта бойынша көлік қозғалысын «Оңай» қосымшасындағы QR-коды арқылы білетінін жеткізді. 360 мың белсенді қолдауншы CityBus қосымшасын пайдалануда.

Жыл аяғына дейін әр аялдамаға қоғамдық көлік бағытының нөмірі, жұмыс уақыты көрсетілген актуалды ақпарат ілінеді.

Айта кетерлігі, жыл аяғына дейін Алматыда жаңа қоғамдық көліктің үлесі 87 пайызға дейін жететін болады. Өткен аптада қалаға тағы 200 жаңа автобус келді.

«Ескі әрі түтін шығаратын автобустар қалада жүруі тиіс емес. Егер көрсетілген қолдауға қарамастан жеке тасымалдаушы жылжымалы составты жаңаламаса, онда олармен келісім бұзылады. Жаңа технологияларды енгізіп, болашақта бір көліктен екіншісіне тегін ауысуды қарастырған жөн. Жолаушылардың көлік жұмысына қанағаттануы – тасымалдаудың басты критерийі. Жеке көлікті қазіргі деңгейде ұстап тұру үшін лайықты балама ұсыну қажет», - деді кеше жаңа автобустардың тұсаукесерінде Бауыржан Байбек.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алынады »»
18 қаңтар 2019 - 13:32
Мұндай хабарландыру мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған. Техникалық сипатына орай, автобустардың сыйымдылығы үлкен, едендері төмен, кондиционерлермен, видео бақылау камераларымен, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустармен жабдықталуы және Евро-5 экологиялық стандартына сай болуы тиіс. Жалпы, қалада көлікті реформалау аясында 2018 жылы түрлі бағыттар бойынша 479 жаңа автобустар жүре бастады.BRT желісіндегі аялдамаларда алғашқы электронды таблолар пайда болды, оларда қоғамдық көліктің нөмірі, б...
Алматыда төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Есентай өзенінің арналары бекітілуде »»
15 қаңтар 2019 - 15:54
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан Есентай өзенінің арналарын бекіту жұмыстарының қарқынын тексерді. Өйткені, жазда өзен жағалауындағы тротуарларды, спорт алаңдарын абаттандыру және жарық желілерін жүргізу басталады. 4000 ағаш отырғызу жоспарланған. Қазіргі кезде ұзындығы 1,8 км болатын аумаққа тірек қабырғаларын орнату, өзен түбіне темірбетон төсеу және техникалық жолдарды абаттандыру жұмыстарының 65% орындалды. Атқарылған шаралар учаскеде ...
Алматыда полицияның алғашқы фронт-офистері ашылды »»
11 қаңтар 2019 - 14:43
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қылмыстық-түзету мекемелері мен аудандық полиция басқармалары жанынан ашылған сервистік бағыттағы алғашқы фронт-офистерді аралап көрді. Сонымен, Красногорск көшесіндегі қылмыстық-түзету мекемесі жанында алғашқы фронт-офис пайда болды. Бұрындары жазаланушыға келген туыстары мен адвокаттар аталған мекеме алдында сағаттар бойы күтіп тұратын әрі дәретханаға бара алмайтын, күту залы мен жүк сақтау камералары болмайтын. Енді бірыңғай өткізу пункті болып табылаты...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13